Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова күйеуінің көңіліне қарап әріптестерінің тойларына бармайтын болған

Мәдина Сәдуақасованың күйеуі Олжас Смағұлов елдің назарында болғанды ұнатпайды. Сол себепті ол камера көрсе қашқақтап, өнер жұлдыздарының тойына жұбайын жалғыз жібереді.

Олжас-Мадина01

Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

Сәдуақасованың айтуынша, ұлы Әнуар да әкесі сияқты елдің назарын өзіне аудартқанды аса ұнатпайды.

«Instagram – ол менің өмірім, ал күйеуім анда санда шығып тұрады, шығып тұруы керек сияқты. Өзі жақтырмайды, бірақ бірте-бірте үйреніп келе жатыр.

Барлығы тойымыздан басталды. Өйткені менің тойыма, АХАЖ бөліміне өте көп журналист келді. Өзім де таңғалдым. Содан кейін барлығы Олжас туралы жаза бастады. Оған неше түрлі пікірлер жазады. Бір жерден өзі туралы пікір көріп не оқып қалса керек-ті:

«Әртістер жүрген жерде міндетті түрде камера жүреді. Камера жүрген соң бүкіл ел көреді. Ал сосын адамдар түрлі пікірлер жазады. Ол маған ұнамайды», – деді.

Көптеген әріптестерімнің тойларына қатыспағаным рас. Оның бір себебі концерттер десек, екінші себебі жолдасым менің ортамды жатырқайды. «Ренжіме, тойға барғың келсе, өзің бара бер» дейді. Ал қалай барасың? Баяғыдай өзім бара беруіме де болатын еді, арасында барамын да, бірақ енді сәл үйдегі азаматыңа қарайсың», – деді ағынан жарылып Сәдуақасова.

Жіберіп алмаңыз:

Дастан Оразбеков кезінде көгілдірлер клубында биші болып жұмыс істегенін мойындады

Бүркіт пен Айшаға өздерінің есімі жазылған ұшақ тарту етілді (фото)

«Қоңыр» тобының әншісі тұрмысқа шықты

Нұртас Адамбай французды қалай қазақша балағаттағанын айтып берді

Талқылау