Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Оразбеков кезінде көгілдірлер клубында биші болып жұмыс істегенін мойындады

«Орда» тобының әншісі Дастан Оразбеков шамамен 12 жылдай бұрын көгілдер клубында биші ретінде қызмет атқарғанын мойындады. Әнші өткен өмірінің қиыншылыққа толы болғанын, клубта жұмыс істегенімен, ерсі әрекетке ешқашан барғамағанын мәлімдеді.

7412-z

Бұл туралы «Хабар» арнасының «Компромат» бағдарламасында айтылды.

Сұхбат барысында Дастан шаш бояп, шашын түйіп алатын ер азаматтарға, сондай-ақ, тым қысқа көйлекпен сахнаға шығатын бойжеткендерге оң көзқарас танытпайтынын айтып қалды.

Журналистердің бірі Оразбековтің көгілдір клубында жұмыс істеуінің себебін сұрады.

«Осыдан 12 жыл бұрын көгілдірлер клубында go-go би билегенсіз, сонда жағдайды сылтауратқан екенсіз. Сонда ақша үшін намысты таптап-аттап жұмыс істей бересіз бе? Тым құрығанда бір-бірімен құшақтасып жүрген қазақтың жігіттерін көргенде жүрегіңіз ауырып, намысыңыз оянбады ма?» – деген сауалға әнші:

«Сылтауратыпсыз дегеніңіз артық. Ешкім сылтауратқан жоқ. Одан да өткен мамандықтар бар. Оны айтып, талғаудың қажет жоқ шығар. Бойымда өнерім би болды және жақсы ақы төлеуге дайын болды. Мен өнерімді көрсеттім, бірақ олардай боламын деген жоқпын. Өзім бірде-бір қазақ баласын көрмедім. Ол нәрсені қозғаудың қажеті жоқ шығар деп ойлаймын. Өйткені менің өткен өмірімнің қаншалықты қиын болғанын сіздер біле алмайсыздар», – деп жауап берді.

Жіберіп алмаңыз:

Сиви Махмұди елден жасырған күйеуін көрсетіп оған деген сезімін білдірді (фото)

Қазақша ән шырқаған Киркоров КВН финалында біздің командаға көмектесті (видео)

Меруерт Түсіпбаева енді тележүргізушілікке бет бұрды

Алаяқтар Баян Есентаеваның есімін пайдаланып Iphone телефонын ұтысқа салған

Талқылау