Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай французды қалай қазақша балағаттағанын айтып берді

Белгілі кинорежиссер, актер әрі продюсер Нұртас Адамбай Франция астанасы Париж қаласында басынан өткен қызықты оқиғасымен бөлісті. Адамбай француздық жігіттермен теке-тіреске түсіп қалғанын, ақырында оларды қазақшалап балағаттағанын мойындады, деп хабарлайды Stan.kz.

адамбай франция

«Побег из аула» телехикаясын Парижде түсіріп жатқан кезімізде басымыздан бір қызық жағдай өтті. Жерасты өткеліндегі 1-көріністі түсіре бастағанымыз сол еді, бір бұрыштан қасында сүйіктісі бар афро-француз шыға келді. Бізді балағаттай бастады. Халықаралық Fuck You сөзін еш қиындықсыз түсіндік. Алғашқыда не болып жатқанын түсінбестен оның бетіне қарап тұра бердік. Мүмкін қателесіп кеткен шығар дедік. Алайда Франция астанасының тұрғыны тоқтамады, өзінің ұзын қолдарын шошайта берді. Оның үстіне, барлық саусақтарының ішінен ортаңғысы көріне берді. Әрине, біз өзге елде жүргенімізді, сол себепті жергілікті қара нәсілді жігіттермен, полициямен байланысудың қажеті жоқ екенін жақсы түсіндік. Ең дұрысы оларға жауап қайтармау немесе қашып кету деп шештік. Бірақ біз қазақ емеспіз пе? Қысқасы, оператор Азамат Дулатов екеуміз олардың бізден не қалайтынын анықтауға бел будық. Қазақшалап балағаттап, өздеріне тап бердік. Өздеріңіз де түсінесіздер, біздің қатал тіліміз олардың шершеляфамдарынан өзгерек. Біздің шындап кіріскенімізді көріп, өмірінде естімеген сөздерді естіген олар бір-ақ сәтте өзгеріп қалды. Бет-әлпеттері мейірлене түсіп, Fuck you-дің орнына I love you деп айқайлай бастады. Ал ортаңғы саусақ достық қатынасты білдіретін бас бармаққа ауысты. Кешірім қабылданды. Қарсыласымыз тоқтады, ал көрініс түсірілді», – деп жазды Нұртас Адамбай.

Сөз соңында кинорежиссер қара нәсілді француздарды қуып жетуге ниеттенгенін айтып өтті.

“Кейіннен жергілікті француздардың қытайлық туристерді шошытып, мазақ қылатынын естідік. Ал әлгілер бірден қашып кететін көрінеді. Бірақ бұл жерде мүлдем қытайлықтар емес еді. Азамат екеуміз оларды қуып жетсек пе деп те ойладық”, – деп түйіндеді сөзін Адамбай.

Жіберіп алмаңыз:

Алаяқтар Баян Есентаеваның есімін пайдаланып Iphone телефонын ұтысқа салған

Желіде «Роза Рымбаева қайтыс болды» деген ақпарат тарады

Марат Омаров екі әйелінен туған балалары туралы айтып берді

Роза Әлқожа толықтығынан ұялатынын айтты

Талқылау