Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Садуақасова екінші сәбиіне жүкті ме?

Әнші Мәдина Сәуақасова қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол өмірлік жолдасы Олжаспен бірге екінші баланы дүниеге әкелуді жоспарлап жүргенін айтты.

14031591_1111030455622772_1823921563_n

«Бір күні Құдай қаласа жақсы жаңалық еститін боласыздар», – деп ағынан жарылған Мәдина: «Әнуар өсті, үлкен жігіт болды. Екіден асты. Сөйлей бастады. Оны балабақшаға беру ойымызда бар. Әрине біз бір баламен тоқтағымыз келмейді. Жоспарлап жүрміз деп айтуға да болады. Ол бір Алланың қолында. Ниеттеніп жүрміз, Алладан тілеп жүрміз», – деді.

13597621_1778642809083287_1652837890_n

Астана телеарнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында Сәдуақасова өзі де көпбалалы отбасынан шыққандықтан, көпбалалы ана болуды армандайтынын айтты.

«Мен де үшеуден, төртеуден кем болмаса екен деп тілеймін, армандаймын. Бірақ оның барлығы, менің бір түсінгенім, бір Құдайдың қолында», – деп жалғады сөзін халықтың сүйікті әншісі.

Мәдина өмірлік серігінің салмақты мінезін ерекше атап өтті. Айтуынша, жұбайы оның алқымынан алып, ештеңеге асықтырмайды.

13534278_251810718522102_1753785613_n

«Жолдасым асықтырмайды. «Осындай болсын» деген талап қоймайды. «Қалай болады, солай болады» деп айтады. Өзі де асықпайтын, уақытты алдын ала қумайтын мінезге ие. Сондықтан бір Алланың қалауымен бола жатар», – деп түйіндеді сөзін Сәдуақасова.

13398984_295497407455188_1234620133_n

Жіберіп алмаңыз: 

Беделхан «91» тобын сынаған Оңтүстіктің жастарын әжуалады

Режиссерлер айқасы: Нұртас Адамбай Тимур Бекмамбетовтің ұсынысына қарсы шықты

Әсел Сәдуақасова жайындағы сіз білмейтін 15 дерек

Жұбаныш Жексенұлы ұлымен бірге ән салып, бейнебаян түсірді (видео)

Талқылау