Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұбаныш Жексенұлы ұлымен бірге ән салып, бейнебаян түсірді (видео)

Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы ұлы Әбілқайыр Жексенмен бірге «Жолдар» атты әнді орындап, бейнебаян түсірді.

Screenshot_3

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жұбаныш Жексенұлының көптен бері көрінбей кетуінің себебі белгілі болды. Әнші құр қарап жүрмей, ұлы Абикті (Әбілқайыр) шоу-бизнес әлеміне алып келді. “Жолдар” деп аталатын туындыны бұған дейін де бірнеше орындаушы орындаған ұқсайды. Олай деуімізге әншінің мына бір жазбасы дәлел болып отыр.

«Қымбатты тыңдарман! Бұл әнді 2003-2005 жылдары Шымкентте шығарғанмын. Ал Миран менің шәкірт інім. Кезінде «Алматы» триосы, dj. Миран және мен қатар айтып жүрдік. Миранға сөзін өзгертуге рұқсат бермегенмін. Бұл әннің Нүкіске қатысы жоқ», – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Жұбаныш Жексенұлы халықтың жүрегінен әлдеқашан өзіндік орнын тапқан әнші. Ел алдына алғаш рет шығып отырған оның ұлына тыңдармандар оңды бағасын берді.

Screenshot_4

«Балаңыздың даусы таза, тұп-тұнық екен», «Жарайсың, Жұбаныш, нағыз әртіс және музыкант», «Туынды керемет!!! Қараңыздаршы нағыз әншінің ісі, бейнеклипте артық бағытта ештеңе жоқ…», «Балаңыздың жұлдызы жарқырасын», «Балаңызда ерекше өзіндік стиль бар», – деп жазды желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз: 

Әнші Ademi ресейлік «Голос» байқауына қатысып, төрешілерді қарата алмады (видео)

Ләйлә Сұлтанқызының ескі суретін көрген желі қолданушылары одан арықтауға қатысты кеңес сұрады

Тұрсынбек Қабатовтың қыздары опера әншісінің топтамасын таныстырды (фото, видео)

Тележүргізуші Динара Сәтжан өз қолымен қой сойды

 

Талқылау