Тұрсынбек Қабатовтың қыздары опера әншісінің топтамасын таныстырды (фото, видео)

Сейсенбі, 13 Қыркүйек , 2016 15:27

Майра Мұхамеджанова жалғыз қызы Айданың атынан киімдер топтамасын жарыққа шығарды. Аталған топтаманы жәрмеңкеде Тұрсынбек Қабатовтың қыздары таныстырды.

14309824_1770346346574227_1995448467_n

Фото: іnstagram.com/moldir.mt/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Майра Мұхамеджанова отандық бағдарламалардың бірінде тұңғышын 20 жыл күткенін айтқан болатын. Енді міне опера әншісі тағы да бір қуанышты жаңалығын бөлісіп жатыр. Ол Айда есімді қызының атынан “Maira-Aida” атты киімдер топтамасын шығарды.

“Құрметті достар, көптен күткен жаңалығымды бөлісуге рұқсат етіңіздер. Айда қызыма деген үлкен аналық махаббатымның арқасында “Maira-Aida” деген бренд жарыққа әрі нарыққа шыққалы отыр. 1-12 жасқа дейінгі қыздар киім үлгісін шығаруға көптен бері ойланып, толғана келе тәуекелге бел байладым.

image-4

Фото: yvision.kz

Неге өзіміздің отандық өнімді шығаруға атсалыспасқа? Неге біздің балаларымыз әдемі әрі сапалы, табиғи таза маталардан киінбеске деген оймен іске кірісіп кеттік. Міне алғашқы күз-қыс-2016  топтамасы ертеңгі “Ұлы дала” жәрмеңкесінде көрсетілетін болады. Логотипі мен брендтің атын әлі де ойланып жүрміз. Егер ұсыныстарыңыз болса, айта отырыңыздар”, – дейді Майра Мұхамеджанқызы.

Опера әншісі өздеріне қол үшін созар спонсорлар мен инвесторлардың көмегін қуана қабылдайтындығын жеткізді. Мұнымен қатар, аяқтан нық тұрып алғанша жағымсыз пікір жазбауды өтінді. Аталған брендтің киімдерін жәрмеңкеде Тұрсынбек Қабатовтың қыздары таныстырды. Әнші оларға өз кезегінде алғыс білдірді.


Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Қабатова: Тұрсынбек тереземнің алдында үнді әндерін айтып, би билейтін

Қабатовтың келіншегі қандай құрылыспен айналысып жатқандарын айтып берді

Қабатовтың келіншегі күй тартып жұртты тамсандырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар