Майра Мұхамедқызы тұңғышын 20 жыл күткені жайлы айтты

Дүйсенбі, 1 Тамыз , 2016 12:22

Опера әншісі Майра Мұхамедқызы 20 жыл уақыт перзент көрмей қатты қиналған екен. Бүгінде әншінің төрт жасар Аида есімді қызы бар. Ол өзіне тілекші болған халыққа алғыс айтып, қазақтың көк туын желбіретуге өзіндік үлесін қосатынын айтып өтті.

image

Фото: yvision.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Отандық бағдарламалардың біріне отбасымен келген Майра Мұхамедқызы қуанышын бөлісті. 20 жылдан кейін қызды болғанын айтып, өзіне тілекші болған халыққа алғыс айтты. Мұнымен қатар, ана бақытын алғаш рет сезінген сәт туралы толығырақ баяндап берді.

“Көп тілесе көл болады демекші, халық бізге сол бақыттың бұйыруын тіледі. Сондықтан барша қазақ еліне осы сәтті пайдаланып алғыс айтамын. Ана болу мен әнші болу екі бөлек дүниелер. Жолдасыма да алғысым шексіз. Әрдайым “Майра, әлі де кеш емес. Ғылым дамыған заман. Бастысы жүрегің таза болса, Алла береді” дейтін.

Осы тілегімізді қабыл алып, жаратқан бізге перзент сыйлады. Есімін Аида деп қойдық. Аудармасында “Алланың сыйы” деген мағынаны білдіреді. Бұйырса, төрт жасқа келеді. Әлі де қызығына тоймай жүрміз. Сезімтал болып та кеттік. Аллаға мың шүкір, Аидам аман болсын деп тілеймін”, – дейді Майра Мұхамедқызы.

Әнші ең алғаш Бибігүл Төлегеновадан сүйінші сұраған. Ал мұндай жағдай Қарақат пен Қыдырәлінің де басында болған екен. Алғашқы балалары дүниеге келген соң 8 жыл бала көтере алмаған-ды. Осыдан кейін қазақтың ырымына сеніп, Астанаға қоныс аударған. Артынша бірінен кейін бірі шекесі торсықтай ұлдар дүниеге келген. Жуырда Майра Мұхамедқызы да Астанаға қоныс аударғалы отыр. Ол да әріптестерінің қуанышы жұғысты болады деген үмітте.

Майра Мұхамедқызы бүгінгі таңда Ла Скала, Метрополитен, Гран Опера сынды әлемдегі әйгілі опера театрларында өнер көрсетіп жүр.


Жіберіп алмаңыз:

Ұлыбританияның көп балалы отбасында 19-сәби өмірге келді (фото)

“Заман” тобының әншісі қызды болды (фото)

“Меломен” тобының әншісі қызды болды

Әнші Еркін Нұржанов қызды болды

Әнші Мақсат Базарбаев қызды болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар