Әнші Еркін Нұржанов қызды болды
“Жігіттер” тобының экс-солисі Еркін Нұржанов қызды болды. Арасында 14 жас айырмашылықтары бар жары екеуінің қуанышты хабарын Бағлан Әбдірайымов жеткізді.

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Әншінің өнер мен өмірдегі досы Бағлан Әбдірайымов өзінің Твиттер парақшасына “Ассаламағалейкум, достар! Еркін досым қызды болды. Алла ұзағынан сүйіндірсін” деп жазып, ғашықтарға бақыт тіледі.
Арасында 14 жас айырмашылығы бар, бір кездері ағалы-қарындас болып араласқан жұбайлардың махаббат хикаясы ерекше. Өйткені әнші тұрмысқа шығу туралы ұсынысты телефонмен жасап қана қоймай, кәмелет жасқа толмаған сүйіктісін ата-анасының рұқсатынсыз алып қашқан болатын. Енді міне шаңырақтарында үлкен қуаныш болып, екінші перзенттері дүниеге келді.

Еркін Нұржанов пен жұбайының Қайсар есімді бір ұлдары бар. Қыздарының есімін кім қоятындары әзірге белгісіз.
Оқи отырыңыз:
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады