Тележүргізуші Динара Сәтжан өз қолымен қой сойды

Сейсенбі, 13 Қыркүйек , 2016 11:44

Танымал тележүргізушісі Динара Сәтжан Құрбан айттың алғашқы күнінде өз қолымен қой сойды.

dd2e064a97a69042fb1cb4f4477a01ee

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Өмірімде алғаш рет өз қолыммен қой сойдым. Анығында, құрбандық шалу рәсіміне қатыстым. Екі түрлі сезімге бөленеді екенсің. Бір жағынан жануарды аяйсың, ал бір жағынан мұның көнеден келе жатқан киелі дәстүр екенін түсінесің. Құрбан айт – қайырымдылық мейрамы. Ол бізді қайғыға ортақтаса білуге, мұқтаж жандарға көмек қолын созуға үйретеді», – деп жазды Сәтжан желідегі парақшасында.

Одан кейін тележүргізушісі мұқтаж жандарға сілтеген адамдарға алғыс айтты.

Желі қолданушылары Сәтжанның бұл қылығына сүйсінді. Олардың басым бөлігі тележүргізушіге шалған құрбандығының қабыл болғанын тіледі. Кейбіреулер мал сою рәсіміне әйелдердің қатыспайтынын айтса, енді бірі қайырымдылықты жария етудің қажеті жоқ екендігін «ескерткен». Есесіне, Динараны жақтап, оң бағасын бергендер саны көп.

«Өте дұрыс, мұндай шараларды насихаттау керек. Оның астарында терең мағына бар», «Ниетіңіз қабыл болсын», «Жарайсың, Динара», «Әйелдер де ерлер сияқты құрбандық шалуға қатыса алады, тіпті ол туралы хадис те бар», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бүгін мұсылмандар үшін қасиетті мереке – Құрбан айттың екінші күні. Құрбан айт – Ораза айттан кейін 70 күннен соң келеді. Бұл күні шама-шарқы келген барша мұсылман қауымы құрбандық шалуға міндеттелген.

Жіберіп алмаңыз:

 

Ерік Тәстембеков: Келінімнің қай ұлттан екені маңызды емес

Мейрамбек Беспаевтың әулеті дүркіретіп той тойлады (фото, видео)

52 жастағы Моника Белуччи тыржалаңаш суретке түсті (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

12
Комментариев
  • Анонимно says:

    Əйел адам малды бауыздамайды,молаға бармайды….мұсылманның осы қағидасын дұрыс деп санаймын…қазір бір-біріне қолдау көрсетіп,бір-бірінің көңілін жықпас үшін болады деп қостай жөнеледі,жастарға бəрі қызық,соны жасағысы кеп тұрған шығар…

  • Анонимно says:

    Үш ұлды арасына қыз салмай дүниеге əкелген əйелдің мал бауыздауға ғана рұқсаты бар ,адал болады деп үлкендер айтып отыратын. Бұл кісі тек союға ғана қатысқан сияқты, бауыздауға емес. Көне көз қариялардың қасында өстік.Үйінді ер адамы болмаса, басқа ер адамға бауыздатып алып,əрі қарай союын сыпырып салып, жіліктеп қазанға салып жүрген əйел адамдарды көріп жүрмін. негізі бар мәселе бауыздауда.

  • Анонимно says:

    Айел адам мал соймайды жане оны жариялау миндетти емес. Дегенмен де казакы дастурлерди билип , жаксы касиеттерди билгенимиз , кол ушын созган , арине , жаксы гой.

  • Анонимно says:

    Менин оз басым ондайга карсымын, айел адам жаны назик, апам ылги айтатын айелге мулдем руксат емес кабир казуга, олген кезде кабирге баруы, мал союга. Динара енди сизге кабир казуга бару керек, не деген сумдык бул….. Куда катиться мир, я в шоке, прежде чем это делать надо спросить у старших наших дедушек причину , почему запрет.

  • Анонимно says:

    Бұл деген қара пияр

  • Анонимно says:

    Есі дұрыс əиел адам мал соймайды осы орыстанып кеткені.Оданша шошқа сой.

  • Анонимно says:

    жарайсың нағыз ер журек

  • Анонимно says:

    Айел кисилер кой соймайды,

  • Анонимно says:

    Mхм айел адамга собга боьмайды

  • Анонимно says:

    Айел адамга кой союга болмайды, оо харам

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар