Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

52 жастағы Моника Белуччи тыржалаңаш суретке түсті (фото)

Моника Белуччи Paris Match журналының қыркүйектегі нөмірінің басты кейіпкеріне айналды. Франциялық журналдың іші италиялық сұлудың суреттерімен толықты. Әзірге жігіттерді тәнті еткен суретін Моника өзінің инстаграм парақшасында бөлісті. Суреттерге қарап, Белуччи биыл қыркүйектің отызында өзінің 52-ші туған күнін атап өтеді деп айту қиын.

13150859_1620472014940716_466552441_n

Фото: instagram.com/monicabellucciofficiel/

Фотосессия Мониканың аталған журналға берген сұхбатын толықтыру үшін жасалған екен. Актриса бұл сұхбатында әйел мен еркек арасындағы құштарлық сезімі туралы сөз қозғайды.

“Жас кезімізде біз гормондарымызға тәуелді боламыз. Жасымыз ұлғайған сайын жыныстық қатынасқа деген көзқарасымыз өзгереді. Ең дұрысы – жан мен тән құштарлығының өзара үйлесуі. Бүгін мен махаббатсыз жыныстық қатынасқа түсе алмаймын”, – дейді Моника.

Paris Match фотосессиясы Мониканың өміріндегі тағы да бір айтулы оқиғамен тұспа-тұс келді. Жуырда 73-ші Венеция кинофестивалінде ол басты рөлді сомдайтын “Құс жолының бойымен” атты туындының тұсауы кесілген болатын. Эмир Кустурицаның бұл туындысы соғыс кезіндегі әйел мен еркектің қарым қатынасын баяндайды. Әрі режиссер Кустурица бұл фильмде жігіттің рөлін сомдайды.

14272072_1131943690217845_1451195628_n

51 жастағы Белуччи әлі де әлемдік кинода көрермендер көзайымы болып қала беруде. Мұның алдында британиялық супер агент туралы “007: Спектр” фильміне түскен болатын. Аталған фильмнен көрермендер Мониканың айтарлықтай арықтағанын байқаған. Десе де, актрисаның өзі ешқандай диета ұстанбағанын айтып жатыр.

“Мен таңғы сағат алтыда тұрып спортқа баратын әйелдердің қатарынан емеспін. Бар болғаны түсірілім басталуға бірнеше күн қалған кезде пастадан бас тартамын. Шындығында, тәттілер мен макаронды сүйсініп жеймін. Арасында қызыл шарап ішіп, шылым шеккенді ұнатамын”, – дейді ол.  Моника “Спектр” фильміндегі рөлі туралы айтып отырып өзінің Джеймс Бондтың қызы емес, әйелі екенін меңзейді.

14156413_488458381323082_1001564494_n

“Сэм Мендеспен кездесіп, жаңа фильм туралы сөйлескенімізде “Мен жас қыз емеспін. Мен ақыл тоқтатқан әйелмін. Менің Джуди Денчті алмастырғанымды қалайсыздар ма? Мені не үшін шақырып жатырсыздар? Жасым болса 50-де. Сіздердің фильмдеріңізде нем бар?” деп айтқан болатынмын”, – дейді Белуччи. Режиссер күліп: “Джеймс Бонд алғаш рет дана әйелмен көңіл қосады. Бұл біздің революциялық шешіміміз”, – деп жауап қайтарған.

“Көптеген 50 жастағы әйел өздерін ер азаматтармен көңіл қосуға лайық емеспіз деп ойлайды. 30 жастағы жігіт пен 50 жастағы әйелдің кездесіп жүргенінде тұрған не бар? Бұл жерде бастысы тән мен жас емес, сіздің ішіңіздегі энергия маңызды. Нағыз сексуалдылық әйелдің даналығы арқылы көрініс табады. Мен 20-30 жастағы ер азаматтардың өздерінің үлкен әйел іздеп жүргеніне аса таң қалмаймын”, – дейді ол.

14052639_176723479402956_200212019_n

Моника өзінің екінші күйеуі, франциялық актер Венсан Кассельмен 2013 жылдың тамыз айында айырылысқан болатын. Олар 1999 жылы үйленген. Алайда үйленгенге дейін 5 жыл бірге тұрады. Олардың 2004 жылы туылған Дева Кассель, 2010 жылы туылған Леони Кассель есімді ортақ қыздары бар. Әзірге оның кіммен көңіл жарастырып жүргені белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Ресейде бірінші курс студенттері танысу кешінде тыржалаңаш болып шешінген

Әсел Сәдуақасова жұртты шулатқан тыржалаңаш суреттеріне түсініктеме берді

Ашынған ақжаулықты ана қаланың қақ ортасында киімін шешіп тастады

Ирина Шейк тыр жалаңаш түскен суретін көрсетті (фото)

Талқылау