Ашынған ақжаулықты ана қаланың қақ ортасында киімін шешіп тастады

Бейсенбі, 8 Қыркүйек , 2016 21:50

Алматыда әділдік іздеп ашынған ақжаулықты ана, бүгін ерекше қарсылық акциясын өткізді. Қаланың қақ ортасында үстіндегі көйлегін шешіп тастаған кейуана, өзін мұндай қадамға жеткізген әкімдік қызметкерлері дейді.

ana

 

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Тұл денесіне алтын алқасын тағып, араша сұраған қорғансыз ана. Егде тартқан ақжаулықты жанның көкірегін қарс айырып, киімін шешіп тастайтындай ашуына тиген нәрсе  – ол осыған дейін көрген қиындықтар мен әділетсіздіктер. Фатима апа инсульт алып үйде жатқан отағасы мен отбасын асырау үшін мына жеміс-жидек сататын дүңгіршекті орнатқан. Әкім-қаралар ай сайын салығын төлеп тұрамын десе де саудаға рұқсат бермепті. Күнімізді көру үшін жасап отырған соңғы үмітіміздің де күл талқаны шыға ма деп күйініп отыр кейуана.

«Милициясы бар, әкімі бар ма, келді бүгін таңертең. Мен 40 жыл жолдасыммен өмір сүрген болсам, менің тәнімді тек жолдасым көрген, жалаңаш тәнімді. Менің көгірегімді он балам емген… Қазір осы жерде мыңдаған халық өтіп жатыр…» – дейді көп балалы ана Фатима Рақымбаева.

20 жыл бұрын Фатима Рақымбаева туған-туыстарының қал дегеніне қарамай, отбасымен Қазақстанға оралған. Алматыдағы ескілеу үйін сатып, “Ақкент” ықшамауданынан бөліп төлеу бойынша түріктің “Айт-Хаузинг” компаниясынан пәтер алады. Алайда айлық төлем ақысы қымбатқа түсіп, бірнеше жыл тұрып келген үйдің төлем графигін арзандатып қайта құруға келіспеген түркиялық компания сот арқылы босатуды талап етеді. Ал қала әкімі Бауыржан Байбектің атынан ешкім үйден шығарылмайды деп қанша уәде берілсе де, Фатима апаны баспанасынан қуып шыққан. Қазір пәтер жағалап жүр.

«Қазір біреудің үйіне кірдім 150 мың теңге айына төлеп. Мен енді не істеймін әрі қарай? Қалай өмір сүрем? Жолдасым инсульт, түк сезбейді. Өзім сахарный диабет, оған қосылып асқазаным ауырды. Енді не істеймін мен?» – дейді Фатима апай.

Тұрғындар көп балалы ананың жұрттан қайыр сұрамай, адал еңбек етуіне мүмкіндік берсе дейді.

«Адал еңбектерімен нан тапсам дейді. Ең болмағанда нанын тауып, киер киімін алар еді», – дейді тұрғын Қамбар Бейсенбаева.

Кейуананың Алматы қаласындағы мемлекеттік мекемелерден көңілі әбден қалған. Қаншасының табалдырығын тоздырған. Етегі жасқа толып, кемсеңдеген ана енді кімнен көмек сұрарын білмейді.

Жіберіп алмаңыз: 

Франция полициясы әйелден мұсылман стиліндегі шомылу киімін шешіп тастауын талап етті

Ресейде бірінші курс студенттері танысу кешінде тыржалаңаш болып шешінген

Өскемен тұрғыны көшеде тыржалаңаш жүруінің себебін түсіндірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

25
Комментариев
  • гул says:

    Оңбағандар.Ананың көзі жасы жібермес

  • Анонимно says:

    Менин тусинбегеним, сол емшегин емген 10 бала кайда екен? анасын осылай отыргызып койып теледидардан тамашалап отырган шыгар деген ой келеди!бир ана 10 баланы асырап жеткизгенде, сол 10 баланын бир ананы асырауга шамалары келмегендери ме. ? Ай казактын жигиттери-ай , кайда намыстарын. ? !

    • Анонимно says:

      Дурыс аитасыз. 10 баласы бар аиел осы жандаига туссе демек балларыннын кинасы. Аллах бетин аулак етсин

      • Анонимно says:

        Əжеміз орынсыз қылық жасаған екен үлкендер бұлай етсе кісілер қайда барады

  • Асеке says:

    Өз құлқын ойлайтын адамдар көп қазір. Бірақ біліңдер барлығымыз ақыретте жауап береміз.

  • Анонимно says:

    Масқара,енді ақжаулықты аналар көшеде танін көрсетуге әкелген біилік, осындай қадамға әкеліп отыр анамызға,айтар сөз,істер іс қалмады-ау. Үкімет қайда,заң,қайда қартайған шағында мұндай іске баруы неге екенін қарамайды.

  • Анонимно says:

    Аналарымыз аман болсын!баршаңыздан кешірім сұраймын…сонда бұл апаның 10 баласы қайда деген сұрақ туады көкейде?неге олар анасын сауда жасатып қойған?неге?өз алдына уй болып кетседе аиа-анасына қарайласпайма?

  • Жұмбақ жан says:

    Анасын жылатқан адамның оңғаны жоқ! Ашындырар нәрсе болғасын сондай қадамға барып тұр ғой! Міне, Аналарды ардақтайтын елдің ұрпағы, анасын көшеде тыр жалаңаш жылататын дәрежеге жетіппіз….

    • Анонимно says:

      Керек пе қазақтын сөз бар оң бала бір ана асыраи алмаиды ал бір ана оң баланы асыраған бізде ана өмір бөлек анама ана ананы жылатпаиық аналармыз аман болсын ужымактын кілті ананы табан астында ғои кəсыпын көрсын жумыс ыстесын қаиырсурап журген жок ғои

    • Анонимно says:

      Дурыс емес эрине…бирак баска амал калмаганы ма? Кокирегин емген он баласы кайда жур сонда?Аналарын осындай жагдайга жеткизгенше…

  • Анонимно says:

    Окиништи осындай жагдай болганына. Кудай он козимен карасын.

  • Анонимно says:

    Осындай жағдайға жеткізгені қиын бопты апаға көмек бермейме

  • Анонимно says:

    Баска жерде сатуга болмайма??? 10 баласы кайда???

  • Анонимно says:

    Адамдықтан кеткен айуандар, өздерінде проблема жок, оларға басқанын шаруасы бір тиын болып тұрғой. Енді ақ жаулықты апамызды осыған жеткізгеніне ұялмай ма, сол бір қарыс жерді қазақтардан қызғанады, шетелге миллиондап жерді арендаға берейіндеп жатқан жоқ па? Енді ақ жаулықты апаларымызды жалаңаштауға өттіңдер ма? Ойларыңа келгенді істеп жатсыңдарғой адам емес хайуандар.Тақырбас шалдың суреті бар қағаз үшін арларынды сатасыңдар. Жоғарыдан келген,заңға қайшы деп ақталасың,сол заң шетел азаматтарына жүре қоюы екі талайғой.Өз бастарың барғой,ойлансаңдарш “Ей. Имансыздар”. Ананы жылатып абырой таппасыңдар.Күйіп отырм, әкімдік қызметкерлері деп әлек болғанша,олар да не абырой бар дейсіңдер, галустук таққан біреулер өңшең… Бұлай қанды іше берсендер арты жақсы болмайды

    • Анонимно says:

      Ия қиын жағдай екен 10 баланы дуниеге əкелген анасын осындай куйге тусірген балдары қайда қарап жур екен.

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар