Ерік Тәстембеков: Келінімнің қай ұлттан екені маңызды емес

Дүйсенбі, 12 Қыркүйек , 2016 17:30

Танымал қазақстандық продюсер Ерік Тәстембеков өткен демалыста ұлын үйлендірді, деп хабарлайды Stan.kz. Желіде той суреттері пайда болды.

14310815_1166772653366599_494107477_n

“Балаларым, Дамир мен Вика, сендерге бақыт мен махаббат тілеймін!!! Махаббаттарың мәңгілік болсын”, – деді Тәстембеков ұлы мен жаңа түскен келініне.

Өкінішке қарай, Тәстембековтің қуанышына ортақтастапаған жандар да табылды.

“Қазақстанда қазақ қызы құрып қалғандай, қазақтың не деген әдемі қыздары бар ғой”, “Орысқа үйленсе немересі орыс болып қазақ иісі қалмайды”, “Ұлыңызға осындай тәрбие берген сіздің атыңызға ұят”, – бұл Тәстембековтің Instagram парақшасындағы жағымсыз пікірлердің бір бөлігі ғана.

Ашынған продюсер келінінің қай ұлттан екендігі маңызды емес екендігін айтты.

“Ұялатын ештеңе жоқ, ұлымды мақтан тұтамын!!! Мен үшін оның таңдауы қай ұлттың қызына түссе де, маңызды емес, бастысы ұлым бақытты болса болды. Әрбір ата-ана баласына бақыт тілейді!! Ал намысқа келер болсақ, сізге айтарым – мен Қазақстанға сізбен салыстырғанда әлдеқайда мол еңбек сіңірдім. Менің әртістерім ел намысын халықаралық байқауларда қорғаған, сондықтан мені жерге қарататын адам сіз емес”, – деп жазды Тәстембеков.

Оқармандардың арасында Тәстембековті қолдап, екі жасқа бақыт пен мәңгілік махаббат тілеген адамдар да табылды.

 

14288035_1379316598765100_433245032_n

14280340_324079394611678_363351097_n

Жіберіп алмаңыз: 

Мейрамбек Беспаевтың әулеті дүркіретіп той тойлады (фото, видео)

Оралдағы Қайрат Нұртастың концертінде қыздар төбелес шығарды (фото, видео)

Қазақстандықтар Баян Есентаеваның батылдығына қайран қалды

Арман Қоңырбаев пен Аша Матайтың эксклюзивті фотосессиясы

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Біріншіден жастар бақытты болса болды ол қазақ немесе басқа ұлт болсын

  • Анонимно says:

    Кашан казах боламыз?Егер оздери ана тилинде жаксы сойлеп келиндерин де казахилыкка уйретсе онда куба куп онда коркыныштын кажети жок.

  • Сұлтан says:

    Балалары қазақ болып жазылады емеспе, 2 əйелін енді қазақтан алсын, сонда дұрыс болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар