Беделхан «91» тобын сынаған Оңтүстіктің жастарын әжуалады

Бейсенбі, 15 Қыркүйек , 2016 11:35

Әнші Есболат Беделхан Ninety one (91) тобын сынап, «Шымкентте концерт өткізуіне жол бермейміз» деп бас көтерген Оңтүстіктің жастарын әжуалады.

novy_kollazh

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Шымкент қаласының жастары 91 тобындағы бес жігіттің өзіндің стильдерімен өскелең ұрпаққа кері әсер етіп жатқандарын айтып, қынжылды.

«Киелі домбыраны сахнаға алып шыққан қазақпыз. Сол киелі сахнаға жынойнақтың келіп ән салуына мүлдем қарсымыз», – деп ұрандаған жастар аталмыш топтың Шымкент қаласында концерт беруіне жол бермейтіндерін мәлімдеді. Олардың бұл бастамасын әнші Заттыбек Көпбосынұлы қолдады.

Ал «Орда» тобының әншісі Есболат Беделхан ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, бас көтерген жастарға наразылығын білдірді.

Оңтүстік жастарының бейнероликтегі суретін жариялаған ол: «Qamshy.kz сайтының аты неге Makta.kz әлде Zhastyk.kz емес?…Қарсылық білдіріп жатқан жастардың қиялдарына таң қалам. Ырың жырың», – деп әжуалады.

14359500_507481066114932_1019343835_n

Бір қызығы, Есболаттың желідегі оқырмандары оның сөзін құптады.

«Көреалмаушылық», «Хейтерлер қуады негізі», «Мақсаттары жоқтар», «Жаңаны қабылдай алмағандар тозығы жеткен дүниенің күліне тұншығатын болады», «Қандай жағдай болмасын, мойымаңыздар, сіздерде иглз бар, біз хейтерлерден екі есе мықтымыз», – дейді желі қолданушылары.

91 тобы өз фанаттарын «иглз» ал өздеріне қарсы шыққандарды «хейтер» деп атайды. Жастардың бұл «терминдерді» қолдануы сондықтан.

Жіберіп алмаңыз:

 Есболат Беделхан 91 тобын сынаған Әбдірайымовке жауап берді (фото)

Ayumi “91” тобының қыздарша нұсқасына айналды деп сыналды

Алаяқтар Ninety one тобының атынан байқау өткізіп жатыр

Ninety one бейнебаяндарының “ауылдық” нұсқасы шықты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

23
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар