Есболат Беделхан 91 тобын сынаған Әбдірайымовке жауап берді (фото)

Бейсенбі, 1 Қыркүйек , 2016 12:50

Бір күн бұрын Бағлан Әбдірайымов 91 тобының сырт келбетін сынаған жазбасын бөлісті. Алайда әнші белгісіз себептермен оны бірден өшіріп тастады. Десе де, Есболат Бедалхан бұл сынға әдеттегідей жауап беруді жөн көрді.

новый коллаж

Фото: instagram.com/pandaeiga/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы уақытқа дейін Ринат Зайытов пен Ерболат Бедалханның арасында 91 тобының сырт келбетіне бола түсініспеушілік туындаған-ды. Арты тіпті дауға ұласып, топтың жақтаушылары мен даттаушылары пайда болды. Төреғали Төреәлі, Мейрамбек Беспаев, Тоқтар Серіков сынды әншілер олардың сырт келбетін қатаң сынаса, Баян Есентаева, Алуа Қонарова, Дастан Оразбеков, Асыл Беделхан, Роза Рымбаева, Есболат Беделхан сындылар оларды жақтап сөйлеген-ді.

Кейінгілердің қатарындағы Есболат Беделханды ерекше атап өтуге болады. Себебі, әнші өзінің қарсылығын түрлі суреттері арқылы жеткізген-ді. Аталған суреттерді біреулер орынды деп тауып, мәнісін түсініп жатты. Ал енді екіншілері оны “қызтеке” деп әжуалап, бұл қылығының ер азаматқа жат екенін айтып жатты. Бірнеше күн бұрын әнші Бағлан Әбдрайымов “Ninety one” тобының жігіттерін “Отряд самоубиц” фильміндегі Харли Квинге теңеген болатын. Бірақ бірнеше сағат өткен соң бұл жазбасын өшіріп тастады. Бұл “орынсыз теңеуге” алғашқылардың бірі болып Есболат Бедалхан жауап берді. Ол бұрынғы әдетіне басып, өз ойын суреті арқылы жеткізді.

Оның Харли Квинге ұқсап түскен бұл суреті жұрттың жағасын ұстатты. Әсіресе, ерлер қауымының. “Харли Квин қыз бала, ал ол ер азамат. Одан басқа актерді таңдаса болатын еді ғой. Есті азамат болса да, жас келіншектің қылығын жасайды”, “Үлкен жігіттің мұндай істері көзге ерсі көрінеді екен. Еркектің қандай болатынын ұмытқан сияқты”, “Не деген масқара? Еркек пе әлде сайтан ба? Өзіңізге әдемі болып тұрған сияқтысыз ғой?”, “Осы жазбаңыз арқылы өзіңіздің EagleZ екеніңізді айтқыңыз келе ме?”, “Ерніңізді бояп алуыңыз керек еді. Сол кезде Панда Квин деген атқа лайық болатын едіңіз”, “Бұл өзі еркек пе, әйел ме? Ұстап алып сабау керек мұндайларды” дейді желі қолданушылары.


Оқи отырыңыз:

Зайтовтың сынына қатысты Есболат Беделхан жауап берді

Әнші Есболат Беделхан бұрынғы әдетіне қайта басты

Асыл Беделхан: Жеменейдің кешінде Ринаттың билеп, рэп айтқанын мазақ қылдым

Беделхан “Ninety one” тобын даттаушыларға пікірін суретпен жеткізді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар