Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет министрлігі Мөлдір Әуелбекованің орамал жайлы әңгімесіне түсініктеме берді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Мөлдір Әуелбекованің пікіріне түсініктеме берді. Ақтоты Райымқұлова танымал жандарға өркениетті елдің ұстанымын ұстануға кеңес берді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап  Stan.kz хабарлайды.

Бұған дейін әнші Мөлдір Әуелбекова желіде орамал туралы жазған еді. Ол мектеп оқушыларының, қыз балалардың басын жапқанын дұрыс санайтынын айтты. Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерінің мұндай көзқарасты білдіруі қаншалықты дұрыс? Бұған Ақтоты Райымқұлова жауап берді. 

"Мөлдір Әуелбекованің орамал тағып жүргенін білемін. Бұл оның жаңа отбасының ұстанымына сай болуы мүмкін. Өнер адамдарының пікірі мемлекеттік кәсіпорынның, жұмыс істейтін ұйымның көзқарасы ретінде саналмайды, жеке пікірі болып есептеледі. Алайда мәдениет саласының қызметкерерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Оларды өркениетті елдің ұстанымын ұстануға шақырамыз", - деді Райымқұлова. 



Айта кетейік, Әуелбекова қасиетті Рамазан айында екінші мәрте тұрмыс құрды. Келін атанған әншінің ақ орамалы сол күннен бастап басынан түскен жоқ. Тыңдарманы діни көзқарасына, орамалына қатысты сан сауалдар қойып жатыр. Әуелбекова есімін өзгертіп, мұсылманша Айша деген атқа ие болды.

Талқылау