Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лукашенко Беларусь зауыттарын жаба бастады

Гродно облысына сапары кезінде Беларусьтің қазіргі президенті Александр Лукашенко елде зауыттар жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Дүйсенбіден бастап ереуілге шыққан барлық кәсіпорындар жұмысын тоқтатады. Оның "содан кейін біз кімді жұмысқа шақыратынымызды анықтаймыз" деді.

Лукашенко сонымен бірге елдегі наразылық орталықтарының бірі болған Гродно облысының басшысын ауыстырды. Енді губернатор болып бұрынғы денсаулық сақтау министрі Владимир Караник тағайындалды.



Еске сала кетейік, Беларусьтегі наразылықтар 9 тамыздан бастап жалғасуда. Бұған Лукашенконың сайлауда 80,1 пайыз дауыспен жеңіске жетуі себеп болды. ОСК мәліметтері бойынша оппозициялық партия кандидаты Светлана Тихановскаяға 10,1 пайыз дауыс жинады. Азаматтар бұл нәтижелерге қарсы шықты.

Елдің түкпір-түкпірінде шерулер өтті. Наразы топ талаптарының бірі - президент сайлауын қайта өткізу болды. Алайда, Беларусь президенті Александр Лукашенко бүгін Минск трактор зауыты жұмысшыларының алдында сөйлеген сөзінде елде қайта сайлау болмайды деп мәлімдеді.

STAN.KZ
Жексенбі, 23 Тамыз, 2020 14:13
Талқылау