LRT баршаға пайдалануға тек 2026 жылы қолжетімді болады
Фото: City Transportation Systems Instagram парақшасынан
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек халықпен кездесу кезінде елордада LRT-ның қашан іске қосылатыны мен жол жүру құны қанша болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесу барысында тұрғындар әкімнен LRT жобасының “сынақ режимінде іске қосылуы кейінге шегерілген жоқ па?” деген сұрақ қойды.
"Ештеңе өзгерген жоқ. Біз қыркүйек айында алғашқы пойыздарды сынақ режимінде іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сынақ нәтижелері бойынша оның нақты қашан толық пайдалануға берілетіні белгілі болады. Әдетте сынақ мерзімі үш айдан алты айға дейін созылады", – деп жауап берді қала әкімі.
Оның айтуынша, жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін. Бірақ түпкілікті тариф жыл соңына дейін нақты анықталады.
"Жобаға сәйкес, бір реттік жол жүру құны 200 теңгеге дейін болуы көзделген. Қызмет құны жылдың соңына дейін нақты анықталады", – деді әкім.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген