Лос-Анджелес Олимпиадасында чемпион боламын: Қырғызстанға тарихи алтын сыйлаған боксшы күтпеген мәлімдеме жасады

Olympics.com
2024 жылғы Париж Олимпиадасында Қырғызстанға тарихи медаль сыйлаған Мунарбек Сейітбекұлы Үндістанда өтіп жатқан әлем кубогінде финалға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осыдан кейін ол алдағы Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысатынын мәлімдеді.
"Бұйырса, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысып, чемпион атануды жоспарлап отырмын", – деді ол.
Айта кетейік, Мунарбек Сейітбекұлы – тәуелсіз Қырғызстан тарихында бокстан Олимпиада мен әлем чемпионатынан жүлде алған алғашқы боксшы. Париж Олимпиадасының финалында ол өзбек боксшысына есе жіберіп, күміс медаль еншіледі.
Осы жетістігінен кейін Мунарбекке Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағы берілді. Ол – ел тарихында бұл атаққа ие болған бесінші боксшы. Бұған дейін марапатқа қол жеткізген спортшылар:
• Орзубек Назаров – 1986 жылғы жеңіл салмақтағы әлем чемпионы
• Андрей Курнявка – 1989 жылы Мәскеуде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы
• Таалай Кыдыралиев – 2002 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері (54 келіге дейінгі салмақ)
• Алмазбек Раимкулов – Қырғызстаннан шыққан тұңғыш кәсіби боксшы
Қазақстандықтар RAMS Qazaqstan-дағы пәтерлерінен айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр: Компания туралы не белгілі

