"Локомотив" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасын алғаш рет жеңіп алды
Фото: championat.com
Ярославльдің "Локомотив" хоккей клубы тарихында алғаш рет Гагарин кубогын жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚХЛ плей-оффының финалдық сериясының бесінші матчында команда Челябінің "Трактор" клубын овертаймда 2:1 есебімен жеңіп, серияны 4:1 есебімен аяқтады.
"Локомотив" сапынан шайбаларды 26-минутта Мартин Гернат және 69-минутта овертаймда жеңіс шайбасын соққан Максим Шалунов салды. "Трактор" атынан жалғыз шайбаны 54-минутта Стивен Кэмпфер соқты.
Финалға дейін Игорь Никитин жаттықтырған "Локомотив" "Торпедо" (4:0), "Авангард" (4:3) және "Салават Юлаев" (4:1) командаларын жеңіп шықты. Финалдан кейін бас бапкер бұл жеңісті 2011 жылғы әуе апатында қаза тапқан "Локомотив" ойыншыларына арнады.
Сонымен қатар, 2025 жылғы Гагарин кубогы ҚХЛ тарихындағы ең көп көрермен жиналған турнир болды. Жалпы маусымда барлық матчтарға 836 мыңнан астам жанкүйер келген.

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз "Реал Мадрид" футбол клубына жұмысқа орналасты
