"Лицензиясыз жұмыс істеген": Шымкентте алты тұрғын сұлулық салонының құрбанына айналды
Шымкентте алты адам косметологиялық қызметтердің сапасыз көрсетілуіне қатысты шағым білдірді. Әйелдер қастары мен көздерінің пішінін өзгертіп сүйелдерді алып тастағысы келген және бет терісін тарттыруды қалады. Алайда беттері іріңдеп, тыртық қалып, бет пішіні қисайып кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың лицензиясыз және медициналық білімсіз жұмыс істегені анықталды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің хабарлауынша, сұлулық салонындағы алаяқтарға хаттама толтырылып, полицияға жолданды.
"Лицензиядан айыру заңмен қарастырылған, бірақ тек сот оны алып тастай алады. Бұл біздің құзыретімізге кірмейді. Әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданды. Тиісінше, тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беру үшін полиция департаментіне жолдаймыз", – деді ДСМ Шымкенттегі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті басшысының м. а. Алмагүл Кенжеханова.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген