Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ЛГБТ насихаты": Оқушылардың жартылай жалаңаш биі үшін мектеп директоры жұмыстан шығарылмақ

Мектеп жиналысында оқушылардың жартылай жалаңаш биі үшін басы дауға қалған директорды қорғауға ата-аналар жиналды. Бұған дейін Ресейдің Екатеринбург облысының білім министрі Юрий Биктуганов мектеп басшысын жұмыстан шығаруды талап еткен. 74 жастағы Любовь Кулева білім ошағын басқарып келе жатқанына 20 жыл болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

E1.RU сайтына қалалық білім басқармасындағы дереккөздің айтуынша, бұл аудан бойынша бірыңғай мемлекеттік емтихан тапсырушылардың алдыңғы қатарында тұрған мектеп.

"Директордың кеткенін әрине қаламайтын едік. Біз өз тарапымыздан оны алып қалу үшін барлығын жасайтын боламыз. Оның (мектеп директорының – Ред.) бұл орында отырғанына 30 жылдан асты. Ол мектептегі бассейнді қалпына келтірді. Мұндай орындар кез келген ауданда табыла бермейді. Футбол алаңын өз қалтасынан жөнге келтірді", - деп келтіреді сайт дереккөздің сөзін.

Мектепте білім алатын оқушылардың ата-анасы бұл мектептің оқушылар үшін жайлы екенін, оқу жүйесі жақсы жолға қойылғанын айтады.



"Би күлкілі, онда тұрған ешнәрсе жоқ. Мен үшін ол есімнен танып қалардай әсер етпес еді. Министр мектеп директорын жұмыстан шығаруды бұйырды ма? Дұрысы өзін жұмыстан шығарсын", - дейді Ольга есімді ата-ана.

Ата-аналар директордың лицей мен жергілікті білім ордалары үшін көп еңбек сіңіргеніне сенімді және балалардың осылай билеуге рұқсат еткенін кешіруге болады деген пікір айтады. 

"Маған би ұнаған жоқ, балалардың қандай би билейін деп жатқанын көріп, ретке келтіру қажет еді. Бірақ бұл қателік үшін бірден жұмыстан шығарудың қажеті жоқ. Директор өте жақсы адам, көп еңбек сіңірді, үш мектептің бірігуіне жағдай жасады. Бұрын бұл жерде №12 лицей мен №29 және №6 мектептер болған. Ғимараттардың жағдайы да айтарлықтай емес еді", - дейді екінші бір оқушының анасы.

Айта кетейік, бұған дейін Екатеринбургтегі №12 лицейдегі оқушылардың биін көпшілік "азғынданған ЛГБТ өкілдері" деп сынаған.

Талқылау