Ләйлә Сұлтанқызы: Жұлдыздың "Әлем байқауына" қатысқанын көре алмай жатқандар көп
Ләйлә Сұлтанқызы "Әлем ханымы-2020" байқауына қатысып жатқан Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді. Тележүргізуші Жұлдыз аталған байқауға қатысуға әбден лайық деген баға берді. Көпшілікті оны қолдауға шақырды.
Бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы-2020" байқауына қатысып, Қазақстан мен Орта Азия намысын қорғайтынын айтқан еді. Оны бірауыздан қолдаған оқырманы да, теріс пікір жазғандар да көп.
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жағымсыз пікір жазып, Жұлдызға қарсы шыққандарға кеңесін айтты. Жұлдыздың бұл байқауға әбден лайық әйел екенін атап өтті.
"Құдай-ай, біреудің мінін іздегеннен бақытты болып кететін болсақ, біраз адам қазір бақыттан басы айналуы тиіс еді. Жаңа Жұлдыз Әбдікәрімова керемет бір байқауға қатысып жатқанын жаңалықтар порталынан оқып, кәдімгідей қуанып қалдым. Несі бар, қатысуға тұрарлық! Қатыссын, бағын сынасын, жеңіп шықсын. Ал комменттер масқара енді. Сәттілік тілеп, дауыс берудің орнына іштарлық танытқандар көп. Жұлдыз керемет жансың, анасың, аяулы жарсың, мықты келінсің. Әйел ретінде барлық миссияңды орындадың деп ойлаймын. Елдің намысын қорға десе, несі бар, мен де қатысар едім, сәл жасым мен бойым келмей тұр-ау", - деп жазды Сұлтанқызы.
Ал Жұлдыз ханым өзінің дауыс саны бойынша көш бастап тұрғанын, алайда белсенділік танытпаса, өзге елдер басып озуы мүмкін екенін айтты. Көпшіліктен өзіне дауыс беруді сұрады.
"Құрметті қазақ елі, "Әлем ханымы-2020" байқауы қыза түсті. Біз 16 мың дауыспен көш бастаған едік, алайда өзге қатысушылар бізге жақындап қапты. 18 млн астам халқы бар Қазақстан, 7 млн-ға жуық халқы бар Қырғызстан, 30 млн-нан астам Өзбекстан халқы біз біріксек даусымыз әлемдік дода жарып шығады. Сондықтан сындарлы сәтте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарайық.
Отбасымызбен дауыс бердік, Қырғызстаннан дауыс бердік деген пікірлеріңізді оқып, қатты толқып, көзіме жас алдым. Баршаңызға Алла разы болсын! Жеңіске жетіп тұрып, қолдан беріп алмайық! Қазақтың туын әлем сахнасында алып шығуға көмектеріңіз қажет", - деп жазды Әбдікәрімова.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
