Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы: Тұрмысқа ерте шығып ажырасқанша, саналы түрде шығыңдар

Ләйлә Сұлтанқызы тұрмысқа шығу туралы ойын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ләйлә Сұлтанқызы: Тұрмысқа ерте шығып ажырасқанша, саналы түрде шығыңдар

Тележүргізуші қыз баланың тұрмысқа шықпауының бірнеше себебі бар екенін айтып, оларды түсіндіріп берді. Отбасылы бола алмай жүргендердің уақытым өтіп кетті деп айтқаны дұрыс емес дейді ол. Өз адамыңды кезіктіргенше күт деп кеңес берді журналист.

"Кей қыздардың да уақытым келді, отырып қалдым дегендерін жиі естимін. Әркімнің өз бағы, өз бабы бар. Енді бұйрық келмеген шығар, өзіңіз іштей дайын емес шығарсыз. Бәлкім, өз адамыңызды кезіктірмеген шығарсыз", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы. 

Жастайынан тұрмыс құрып, ажырасып кететін қыз балаларды тілге тиек еткен Ләйлә Сұлтанқызы ақылмен күйеуге шыққан жөн деп айтты. Оның пікірінше әрбір әйел өмір бақи осы адаммен  боламын, ажыраспаймын деп тұрмыс құруы керек.

"Ерте тиіп, іштей тынып, ажырасу санын көбейткенше, саналы түрде шығып, жамандықтан тыйылған жақсы. Оның үстіне, биылғы статистикамен әр екінші отбасы ажырасып жатыр. Тұрмысқа жаспен емес, баспен ажыраспаймын деген оймен шығыңыздаршы. Оның нақты уақыты жоқ. 25 жаста, 30 жаста да сіз жассыз, 35 жаста да", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы. 

Талқылау