AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы: Әйелдердің құқығының қорғалуы - еркектердің құқығының тапталуы емес

Ләйлә Сұлтанқызы әйел мәселесі жайлы жазба жариялады. Тележүргізуші қазір әйел проблемасының айтарлықтай азайғанына сенімді. 

Ләйлә Сұлтанқызы

“Маған жазылатын директтегі 99+ хаттардың 99% әйелдерден келеді. Арасында түсініксіз, ұятсыз, қалжыңға толы хаттар да бар. (әйелдерден емес) Шынын айту керек, осыдан 5 жыл бұрын көтерілген ауыр жағдайлар қазір азайған (қателеспесем екен) Оған ықпал етіп жатқан жайттар көп”, – деді Сұлтанқызы. 

Тележүргізушінің айтуынша, қазіргі әйел мәселесі проблемасының азаюына дұрыс идеология, ақпараттың сан алуандылығы, желі ықпалы, ашық пікір білдіретін алаңдардың пайда болуы, марафон мен курстар, психологияға тереңірек үңілу, өзін тану, қалауын табу, білім алу, кәсіп ашу жұмыстары ықпал еткен. 

“Осы кеше президент жолдауында да тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдап, әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендер үшін жазаны күшейту қажет екенін атап өтті. Мен нақты жоспар мен нақты іс-қадам көргім келеді. Әйелдердің құқығының қорғалуы еркектердің құқығының тапталуы деп түсінбеуіміз керек. Біз бәрібір керек кезде нәзікпіз, әлсізбіз, керек кезде қасқырмыз, мықтымыз”, – деп жазды тележүргізуші.  

“Қазір әйелдердің құқығы жақсы қорғалады”, “Әйелдер мәселесі үнемі бар”, “Көп балалы әйелдердің алатын жәрдемақысы аз”, “Әйелдердің зейнет жасын азайтпай қалай жағдайымыз жақсы дейміз”, “Әйелдердің құқығы тапталмаса екен”, – деп жазды желідегілер. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр