Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ламин Ямаль 17 жасында әлемдегі ең қымбат футболшы атанды

Фото: Champions League / David Ramos

2025 жылғы 9 маусымда жарияланған Transfermarkt мәліметтері бойынша, "Барселона" командасының 17 жастағы шабуылшысы Ламин Ямальдың нарықтық құны 200 миллион еуроға жетіп, ол әлемдегі ең қымбат футболшыға айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл көрсеткіш бойынша испандық жас талант Эрлинг Холланд, Джуд Беллингем және Килиан Мбаппені (әрқайсысы 180 млн еуро), сондай-ақ Винисиус Жуниорды (170 млн еуро) артта қалдырды.

FIFA-ға қарасты Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES) да маусым айында Ямальдың трансферлік құнын 402,3 миллион еуро деп бағалады. Бұл көрсеткіш — футбол тарихындағы ең жоғары баға. Салыстырмалы түрде: Холанд — 239,5 млн, Беллингем — 233,8 млн, Мбаппе — 192,5 млн еуроға бағаланды.

Футболшының құнының шарықтауына бірнеше фактор әсер етті: "Барселонамен" ұзартылған жаңа келісімшарт, клуб пен Испания құрамасындағы тұрақты голдар мен нәтижелі пастар, сондай-ақ "Алтын допқа" ұсынылған үміткерлердің қатарына енуі. Айта кетейік, Ямаль осы марапатқа ұсынылған ең жас футболшы атанды.

Айта кетейік, Ламин Ямаль қазірдің өзінде футбол тарихына енді: ол "Эль Класикода" (17 жас 105 күн) гол соққан ең жас ойыншы, Чемпиондар лигасы мен Ла Лигада жастық рекордтарды жаңартты. Сонымен қатар, "Kopa Trophy" және "Golden Boy" сияқты беделді марапаттарға ие болды.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 10 Маусым, 2025 11:30
Талқылау