Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада ер адам жеке үйді жарып жіберемін деп қоқаң лоққы жасады

Қызылордада ер адам Панфилов көшесі бойында жеке үйді жарып жіберемін деп қоқаң лоққы жасады, деп хабарлады Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

2785277

Бұл туралы Sputnik хабарлады.

Жергілікті тұрғын өзінің ниеті туралы телефон арқылы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне хабарлаған. Олар бірден шақыруға барған.

“7 тамызда шамамен түнгі сағат 03:20-да полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Ол екі газ баллоны және жеті гранатпен жеке үйді жарамын деп хабарлады. Хабар түскен соң оқиға орнына бірден полицияның кешенді күштері тартылды, алайда аумақты тексеру кезінде жарылғыш затынан ұқсайтын күдікті ештеңе табылмады”, — деп хабарлады полицияда.

Үйді жарамын деп қоқаң лоққы жасаған ер адам ұсталды. Ұсталған 37 жасар ер адамның психоневрологиялық диспансерде есепте тұратыны анықталды.

Қазіргі уақытта еліміздің Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы көбейеді

Қостанайда жазасын өтеп келген азамат жасөспірімді зорлады

ЭКСПО: Астаналық таксиші бір күніде 30 мың теңге тапқан

Әблязовтің Венгриядағы сыбайласы елге оралып, өз еркімен берілді

Талқылау