Қызылордада бүлдіршінді сабаған балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды

Қызылорда қаласындағы балабақшада бүлдіршінді сабаған тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Айтқанын сөзбен орындата алмай, бес жасар баланың басынан ұрған тәрбиешінің әрекеті әлеуметтік желіде таралып кеткен еді.

balabaksha-1304-768x546

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ал баласының таяқ жегенін интернеттен білген ата-ана бес жыл бойы тәрбиеші болған Анар Нұрғалиева өз жазасын алуы керек,- дейді.

“Бибі-ажар” балабақшасындағы бұл оқиға әлеуметтік желіде пайда болғалы, оны көрген жұрт қызу талқыға салуда. Бейнежазбада тәрбиеші айтқанын орындамай жатқан бүлдіршіннің басынан қатыгездікпен ұрып жібергені анық көрініп тұр. Қорқыныштысы сол, тәрбиеші ары қарай бұл үйреншікті жағдай сияқты сабағын жалғастыра береді.

Бес жасар Дастанның екі жыл бойы келіп жүрген балабақшасындағы тәрбиешінің мұндай қатігездігін мүлде білмедім дейді анасы. Тек таралып кеткен видеоны көргенде бүлдіршіннің анасының үстіне жай түскендей болыпты.

“Баланың өзінен сұрадым. Айтып отыр ия, ұрды деп. Күнде осылай ұрады. Айтуға қорқамын, оны айтсам, мені өлтіремін деп айтады деп баланың өзі айтып отыр. Бірақ енді садикке бармаймын дейді”, – деді анасы Ақмарал Құдайбергенова.

Ал бес жасар Дастанның бойына үрей ұялатқан тәрбиеші Анар Нұрғалиева бүгінде жұмыстан кетіпті. Балабақшаның қожайыны ата-анадан кешірім сұрап, алдағы уақытта мұндай сорақылыққа жол бермейміз деп ақталып отыр.

“Мына қызметкерлермен тағы тәрбие жұмысын жүргіземіз. Бұл тәрбиешілердің өзіне тәрбиеші керек болып тұр ғой. Біз енді әрбір жатын бөлмеге камера қояйық деп отырмыз. Сосын меңгерушінің компьютеріне қосып, сөйтіп бақылаймыз енді”, – деді «Бибі-ажар» балабақшасының құрылтайшысы Серік Тәшімбаев.

Жұмыстан кеткен тәрбиеші жазасыз қалмасы үшін бүлдіршіннің ата-анасы құзырлы органдарға да өз шағымдарын жазып қойған.

Бұған дейін аталмыш шулы оқиғаның бейнежазбасы да жарияланған болатын.

Оқи отырыңыз:

Шетелдікпен некелескен Қазақстан азаматтарына жер беруге тыйым салынады

Әкімбай қария Астанадағы қарттар үйіне келінімен сыйыспай келгенін айтты

Алматы облысында қару кезенген ұрының өзіне тап берген сатушы қызға ноутбук сыйлады

Діни қызметкерлер ас беру кезінде жайылатын дастарханның мәзірін бекітті

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр