Әкімбай қария Астанадағы қарттар үйіне келінімен сыйыспай келгенін айтты

Бейсенбі, 13 Сәуір , 2017 17:10

О, тоба, сонау келмеске кеткен кеңес заманының өзінде қарттар үйіне бірен-саран қазақтар түсе қалса, «төбемізден жай түскендей» тітіркенуші едік. Тіпті, өкпені қысқан өт­пелі кезеңнің қиындықтары тұмшалаған тоқсаныншы жылдардың өзінде бұл қарттар үйіндегі қазақтардың саны сегіз-тоғыздан асып көрген емес еді.

1492058049_article_b

Енді не болды?! Болдық, толдық, төрт құбыласы тү­гел егемен ел болдық дегендегі жет­кеніміз осы ма? Жарық дүние есі­­гін енді ғана ашқан сәбилерімізді же­­тімдер үйінің босағасына тастап, ту­­май жатып ананың ақ сүтінен, қа­сиетті ана тілінен айырып, ұлтсыз, тек­­сіз тірі жетім, мәңгүрт еттік. Ха­л­­қымыздың қасірет, қайғысын да, қуа­ныш, қызығын да басынан өт­ке­ріп, елдің еңсесін тіктеген, жердің тұ­­тастығын сақтаған, қиындықты қа­ра нардай қайыспай көтеріп келген қарт­тарымызды қа­жыған шағында аты су­ық, ұлттық ұғы­мы­мызға жат қарттар үй­іне қамадық.

Бір ғана Астана қа­ласына қарасты қарттар үйінде тоқ­сан­ға тарта қазақтар тұратын болса, әр­бір облыстағы қарттар үйі, мү­ге­дек­­тер үйі деп қос-қостан саналатын әлеу­­меттік орталықтарда тұратын қан­­дастарымыз қанша?! Уа, замандас, кө­ңіліңді тасытып, жаныңды жа­ды­рат­қан жетістігің осы ма? Жетімі мен жесірін жатқа телміртпейтін, ата-ананы құдіреттей қадірлейтін ата дәстүр, ұлт­тық қасиетің қайда?! Іші де, сырты да кіршіксіз, соңғы за­ма­­науи үлгімен жабдықталған қарттар үй­ін аралап келеміз. «Шапағат» Ас­та­на қалалық әлеуметтік қызмет көр­­се­ту орталығы» деп аталатын осы ме­­ке­менің қызметкері, көпті көрген са­­лиқалы азамат Еркін Дәуешов ме­ке­­менің жетістіктерін жіпке тізгіндей ба­ян­дап жүр.

Шындығында да ел­ба­сын­ың салиқалы әлеуметтік сая­са­тын­ың нәтижесінде мұндағы қарттар мен мүгедектерге шынайы қамқорлық жа­салған екен. Қарттар үйінің әрбір тұр­ғынын бағып-қағу үшін күніне 4 394 теңге, айына – 131 796, жылына 1 581 552 теңге қаржы жұмсалады екен…

Жұмақ апай

Өмір-ай, қалтылдаған қайығы бар, Қарт­тардың тек қартайған айыбы бар. Бақтырған мұңлықтарды Үкіметке, Көбінің үйде бала, зайыбы бар… Есігі жартылай ашық тұрған бөл­ме­ден естілген мұңды әуен бізді елең ет­кіз­ді.

«Жұ­мақ апай ғой, өлеңдетіп отыр­ған», деді Ере­кең жылыұшырай жы­миып. «Жо­лы­ға- й­ық, кі­рейік» дедік біз де жартылай ашық есік ал­дында аң­тарылып. «Мен мынау шежірелі Ереймен өңі­рінің тумасымын. Биыл міне, сек­сен­нің сегізіне шығып отырған Дәмек Мұ­қышқызы деген апа­ларың мен бо­ла­мын», деді ақ жаулығын тө­гілте жа­мылған кейуана мейірімді жү­зі­нен із­гілік есіп.

– Менің әкем де, құдай қосқан қо­с­ағым Өмекең де өмір бойы басқ­ар­­ма болды. Тұрмыс тауқыметін тар­­тқам жоқ. «Ішкенім алдымда, іш­пе­генім артымда» дегендей, жал­ған­­ды жалпағынан басып өттім. Тек жа­ратқанның бір перзентке зар қы­лып қойғаны болмаса… Мен жасым­да жабысқан кеселдің кесірінен ғұ­мыр бойы құрсақ көтермей өттім. Ұзақ жылдар мына Сілеті ауданында кеңшар директоры болған жолда­сым Өмірбай Қылышбаев сонау сек­сенінші жылдардың ортасында қай­тыс болды. Мен ұзақ жылдар ту­ған сіңлімнің қамқорлығымен бір бөл­мелі пәтерде тұрып келдім. Осыдан ту­ра төрт жыл бұрын қатты ауырып қал­дым. Төсектен тұруға шамам келмей, ау­зыма су тамызатын жан болма­ды. «Бір­ге тумақ болса да, бірге жүр­мек жоқ» екен. Қанша айтқанмен сің­лім­нің өз үйі, өз күйі бар. Содан кейін ұзақ уақыт қабырғаммен кеңесіп, осы ме­кемеден бір-ақ шықтым. Бұл меке­ме­нің қызметкерлеріне шексіз ризамын. Баладай күтеді. Президентіміз бен Үкіметіміздің шынайы қам­қор­лы­ғының арқасында барлық жағдай жасалған, бейне бір «жұмақ» дерсің (Ме­кеме қызметкерлері әжейдің «бұл жер – жұмақ қой» деп жиі айтатын сөзіне орай Жұмақ апай дейді екен). Тек бұл жалғаннан перзентсіз өткен жал­­ғыздығым болмаса… Кейуана кемсеңдеп, ілезде сулана қал­ған кәрі көздерін ақ жаулығының ұшы­мен сүртті.

– Ал жаңағы жыр жолдары кімдікі? Өзі­ңіз өлең жазасыз ба?

– Жоқ, қарағым. Бұл өлеңді осы қарт­тар үйінде тұрып, ертеректе қай­тыс болған Мағауия деген қарт шы­ғар­­ған екен. Көңілім мұңға толған ке­­зеңде осы өлеңді әуенге қосып, ың­ыл­дайтыным бар. Дүние-ай, қиын екен қартайғансын, Қуаныш, қызықтарың ортайғансын. Бауыр ет балаңдағы безіп кетер, Қуарып қу ағаштай қалқайғансын. Өмір-ай, қалтылдаған қайығы бар, Қарттардың тек қартайған айыбы бар, Бақтырған мұңлықтарды Үкіметке, Көбінің үйде бала, зайыбы бар. Жаратқан жан емес ем тілге ұста, Батпай-ақ қойды-ау мынау күн де қысқа. Кімге де ата-анасын бағу парыз, Бұл сөзім болғай ұрпақ, елге нұсқа…

Келінге сыймай келдім

Шерлі әуенге ұласқан ұзақ жыр жол­дарын естіген жанның ет жүрегі те­біренбей тұра алмайды екен. Мұн­дай жыр жолдарын тегін адамның жаз­бағаны анық. Өз жайын да, өзгенің қай­ғы­сын да бар болмысымен ұққан. Тағ­дыр тәлкегін көре отырып, өзгеге кінә арт­пайды. Қайғы-мұңын шерте отырып, ұрпаққа сабақ етіп, мұндайдың қай­таланбауын қалайды. Ақылы теңіз, сабыры сарқылмас көл қазақ­тың нағыз қара нар қарттары ғой, бұл! Ал осын­дай қазыналы қарттарды, асқар таудай ­ата-ананы кірер есігі бар, шығар жолы бей­мәлім қарттар үйіне қамаған қандай же­тесіздер?!

– Менің бес балам бар еді. Бір ұл, бір қызым қайтыс болды, қалғаны дін аман. Өзім үш жылдан бері осы жерде тұ­рып жатырмын, – деді өзін Әкімбай Сә­тімжанов деп таныстырған ұзын бой­лы, уақыт салмағынан сәл еңкіш тар­тса да, еңкеймеген еңгезердей қарт.

– Өзім Талдықорған өңірінің ту­ма­сы­мын. Ұзақ жылдар бойы Семейде, Жар­кентте аудандық тұтынушылар қоға­мын­да дайындаушы болып еңбек еттім. Зей­неткерлікке шыққаннан кей­ін үлкен ұл­дың қолында тұрдым, − деді Әкімбай қа­рт (кейіпкеріміздің өті­ніші бойынша аты-жөні өзгертілді) үзіл­ген әңгімесін одан әрі жалғап.

− Талғар қаласына көшіп келіп, үл­кен үй салып алдық. Ұлыма машина алып бердім. Барлық жиған-тергенімді сол ұлдың жолында жұмсадым. Бірақ «қи­юы кеткеннің қисыны келмейді» екен. Қанша иілсем де келінге жақпай қой­­дым. «Отырсам опақ, тұрсам со­пақ» дегендей, балама жаман атты қыла берді. Бір шаңырақтың астында тұрсақ та, өз тамағымды өзім істеп ішетін бол­дым. Бара-бара үш  немеремді қар­сы қойып, «сүтке тиген мысықтай» же­ті бөлмелі үйге сыйғызбауға айналды. Ұлым да бұртыңдап, келіннің айт­қа­ны­на жығыла берді… Әкімбай ақсақал әңгімесін тағы да үзіп, ауыр күрсінді. Жетпіске же­те қоймаса да, ақ­сақалдың терең әжім тор­­лаған аққұба жү­зінен әбден қажы­ған­­дықтың табы сезі­ле­ді. Ақсақалдың те­­рең күрсінісінен-ақ осы әңгімені ай­ту­­дың өзі қаншалықты ауыр екен­­дігін аң­­ғарғандаймыз.

– Өткен жылы осында мені іздеп ұлым ке­ліп кетті. Артымнан іздеушім бар екенін сезініп, алғашқыда ерекше қуа­ндым. Алайда, көп ұзамай, көңілім су сепкендей басылды. Талғардағы же­ті бөлмелі үй менің атымда болатын. Ұлымның келген себебі, «сол үй­ді немерелерімнің атына шығарсаң қай­теді» деген өтініш екен.  Менің жағ­дай­ымнан гөрі ұлымды үйдің мәселесі көбірек алаңдататынын көріп, қатты күйіндім. Амал қанша, «іштен шыққан шұбар жылан» ұлымның дегеніне көндім. Ол үйді өзіммен бірге о дүниеге ар­қалап әкетемін бе, немерелерімнің амандығының садағасы, – деп Әкімбай ақ­сақал немерелерін сағынғанын сез­діріп, қабағын түйе түнеріп кетті…

21 жыл қапаста өткен ғұмыр

Күн сәулесі мол төгілген терезе алдынд­а далаға телміріп, кәрілік жең­ген тұ­рлаусыз тіршіліктен қажыған қарт отыр. Шуақты көктем төңіректі тү­гел бусандырып, тіршілік атаулыны қыбырлаған қимылға көшіріп, дү­ние­ні түрлендіре бастапты. Тек төрт қа­бырғаға қамалған қарт көңілі селт етер емес. Кәрі денесінен де жан кеткен­дей, қақ­қан қазықша қимылсыз қалыпты. Әл­ден уақытта ішкі тебіреністен шық­қан өксік жасы ма, әлде алыс көк­жиек­ке тесіле қарағаннан жанар­ла­ры­ның жасаурағаны ма, әжім торлаған бет­­терін айғыздап аққан көз жасын қо­лының сыртымен сығып-сығып алды. Аяқ-қолы еркінен тыс дірілдеген қарт үш ұмтылып, орнынан зорға тұр­ды.

Қа­быр­ғада сүйеулі тұрған тая­ғын алып, тізе­лері икемге келмеген ая­қтарын сүйрете басып, бөлме ор­т­а­сындағы столдың үстінде ыбырсып жатқан қағаздарға қол созды. Ша­шыл­ған қағаздардың арасынан әс­ке­ри форма киген сымбатты жігіттің су­­реті қолына ілікті. Ол фото­су­рет­­ті жаңа көргендей тесіле қалды. Ұш­қыш­тардың әскери киімі денесіне жа­раса қонған, қияқ мұртты, сұңғақ бой­лы сұлу жігіттің суретін аударыс­тыра ұзақ қарады. Мінсіз сымбатымен сүй­сіндірген қара торы мұртты жі­гіт пен мынау таяққа сүйенген аппақ қу­дай шалдың арасындағы ұқ­сас­тық­ты іздегендей жансыз суреттен жа­сау­раған жанарларын тайдырар емес. Иә, сексеннің сеңгіріндегі мына қал­ты­­раған қарт пен ана суреттегі қыл­шыл­д­аған сұлу жігіттің заты бір – 20 жылдан астам уақыттан бері осы қарт­тар үйінің тұрақты тұрғынына айналған Ғабдулбари Жәнібеков еді.

Бұл кісі мына Астананың іргесіндегі Астрахан ауданындағы Өндіріс ауы­лы­ның тумасы болатын. Арғы атала­ры осы өңірдегі мыңды айдаған ау­қат­ты адамдар болыпты. Өзінің атасы да Ақмола өңірінің орыс-қазағын «Бай­әділ-богатый» атанып, аузына қара­т­қан беделді адам болған екен. Ғабдулбари ақсақал кешегі ке­ңес за­ма­нында біраз жыл милиция қата­рын­да қызмет атқарыпты. Одан кей­ін Целиноград әуе­жай­ын­да аза­мат­тық авиация өрт сөн­ді­ру­ші­ле­рінің бас­шы­­сы болып, ұзақ уақыт еңбек етіпті. Ұзын бойлы, батыр тұлғалы келбетіне көр­кі сай сымбатты жігіт заманында шал­қып өмір сүріпті. Қылшылдаған жі­гіт шағында әйел затының көз жау­ын алғанға ұқсайды. «Барий ке­ле­ жатыр» десе, ауылдың қыздары сы­­ла­нып-таранып көзге түсу үшін кө­ше­ге шығады екен. Міне, осылай «жал­ғанды жалпағынан басып жүрем» де­генде, өмір шіркін өте шығыпты… – Менің осы қарттар үйіне тұрып жат­қаныма 21 жылдан асты. Қазір мі­не, 82 жасқа келдім. Қарға адым жер қайғы болғанда, енді өмірдің қан­дай мәні қалды дейсің.

Адам қо­лымен істегенін, мойнымен көтеруі ке­рек. Денсаулықтың бар кезінде «қа­тын жолда, бала белде» деп есіріп, та­лай­лардың көз жасына қалдым. Заң жү­зін­де қосылған әйелім өзге ұлттың өкі­лі еді. Жалғыз баламызды жат қы­лып өсірді. Ажырасқанымызға да талай жылдың жүзі болды. Қазір олар­дың бар-жоғынан да бейхабармын. Бар­лы­ғына өзім кінәлімін. Дүние қаз-қал­пында тұратындай, бәрін белден ба­сып, ертеңгі күнімді ойламадым. Амал не, бәрі кеш! Ешкімге қояр кінәм да жоқ. Тек мынау тар қапаста текке өт­кен 21 жыл ғұмырыма өкінемін, – деп кәрілік жеңген Ғабдулбари қария қал­тырай сөйлеп, өксік ата еңкілдеп қоя берді… Қарттар үйінен көңіліміз құлазып шық­ты. Нұрын төге жарқыраған көк­тем күнінің де күпті көңілді көтере алар тү­рі жоқ. Заманауи озық үлгімен са­­лын­ған салтанатты ғимараттар те­ре­зе­сі­нен телміре қараған қарттар бей­несі көз алдымнан кетер емес…

Жылқыбай Жағыпарұлы, «Егемен Қазақстан»

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында қарттар үйі қызметкерлерінің мүгедектерді қалай қорлап келгені әшкере болды

Қайыр сұрап күн кешкен шымкенттік қария қарттар үйіне орналасуды армандап жүр

Атыраудағы қарттар үйінде екі мүгедек жан ерлі-зайыпты атанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Байлык пен мансап кумай балага дурыс тарбие беру керек еди. Оздери орыстар сиякты кун корди. Ееди орыстар сиякты ешкимге керексиз боп калды. Бул булма…. казирги жеткиншектерден коретинимиз али алда….

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар