Діни қызметкерлер ас беру кезінде жайылатын дастарханның мәзірін бекітті

Бейсенбі, 13 Сәуір , 2017 16:00

Ақтөбелік діни қызметкерлер садақаның ас мәзірін дайындап, бекітті. Енді мешіт жанындағы асханалардың барлығы ортақ мәзірмен дастархан жаятын болады.

1486029039_madzhlis-dlya-veteranov-98

Садақаның ас мәзірін дайындау кезінде облыстағы 12 ауданда алдын ала сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқандардың 85 пайызы дастарханның қарапайым болғанын, ысырапшылдыққа жол бермеу қажет екенін айтып, бастаманы қолдаған. Бүгін облыстық және аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері, облыс имамдары және мешіт ақсақалдары, мейрамханалар басшылары садақа мәзірімен танысты. Мәзірде жеміс-жидек пен салат, қуарылған, пісірілген тауық, балық, конферттер жоқ. Дастарханға тек қазақтың ұлттық тағамдарын қою ұсынылған.

«Мәзірде тары-талқан, жеті нан, бауырсақ, өрік-мейіз бар. Ыстық тамаққа ет асылады немесе палау пісіріледі. Осы арқылы біз ысырапшылдықтан арылуды ұсынамыз. Әрі қарапайым халық садақа дастарханын жайған кезде қиналмайды. Алдағы уатытта мешіттердің асханасында осы мәзір бойынша дастархан жайылатын болады. Бұл – талап. Ал мейрамханаларға тек мәзір ұсынылады. Олар өздері шешім шығарады. Қазіргі біз садақада тойдың дастарханын байқап жүрміз. Бұл – ысырапшылық», – деді облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан.

Садақаның ас мәзірін бекіткен діни қызметкерлер 100 адам үшін 170 мың теңге қажет деп отыр. Ал мейрамханадарда 100 адамға жайылатын дастархан үшін 250 мың теңгеге дейін жұмсалады екен.

«Біз садақа дастарханынан ысырапшылдықты, дарақылықты көріп жүрміз. Мәселен, дастархан жайылып тұр, адамдар садақаға жиналып жатыр. Дұға жасалмады. Бір кезде қолында пакеті бар әйелдер дастархандағы тағамдарды салып алып жатты. Бұл – ашкөздік, мәдениетсіздік, дарақылық.  Аштық, қиын кезеңде де мұндай жағдай болмаған. Біздің ендігі міндетіміз, садақа мәзірін бір ізге түсіру. Жақынынан айырылып, қайғыдан бас көтере алмай отырған адамдар ас мәзірін ойламайды. Дастарханды туған-туысы, ағайыны жасайды. Сол кезде жеміс-жидек, қуырылған балық секілді той дастарханына қойылатын тағамдарды емес, қарапайым тағамды ұсыну керек.  Дастарханға құрт, май, тары, бауырсақ, шелпек нан, талқан, мейіз, өрікті қойсақ жеткілікті. Садақа аяқталар кезді көрсеңіз, дастархан үсті «жау шауып кеткендей» болады. Бүкіл тағамды қолдарында пакеті бар әйел адамдар алып кетеді. Өте ыңғайсыз көрініс», – деді Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті жанындағы ақсақалдар алқасының мүшесі Бекежан Ахан.

Ақтөбелік діни қызметкерлер облыс тұрғындарына үндеу жолдап, бекітілген мәзір бойынша садақа дастарханын жаюды ұсынды. Мешіт жанындағы асханалар ортақ талаппен жұмыс істейді. Ал мейрамханалар тапсырыс берушілерге дайын мәзірді ұсынады. Дегенмен, соңғы таңдауды тапсырыс беруші жасайды.

Тағы да оқыңыз:

Ғалымдар: Мектептердегі тегін таңғы ас баланың оқу үлгерімін арттырады

Астана-Ақтөбе пойызының жолсерігі ұмытып кеткен 2 млн теңгені иесіне қайтарып берді

Садақаны кімдерге берген дұрыс?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Жұртқа осылай айтылады. Өздері аста-төк ас береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар