Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Мектептердегі тегін таңғы ас баланың оқу үлгерімін арттырады

Лондондық ғалымдар арнайы зерттеу жасай келе мектептерде берілетін тегін таңғы ас баланың зеректігін арттыруға пайдалы екенін дәлелдепті.

image-20160420-25641-pmv9tw

Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлайды.

Бастауыш мектептерде берілетін тегін таңғы ас баланың математика және басқа да қиын пәндер бойынша алғырлығын арттырып, ынтасын оятады екен.

Лондондағы қазыналық институт ғалымдар жүргізген зерттеуге жағдайы төмен аудандарда орналасқан 106 бастауыш мектеп қатысқан. Бұл мектептерде балалар мемлекет тарапынан берілетін тегін түскі асқа ие. Тәжірибе кезінде аз қамтылған отбасының балалары үшін әдеттегі түскі астың орынына тегін таңғы ас клубтары ұйымдастырылады.

Зерттеу нәтижесінде сабақ басталар алдында тамақтану оқу, математика, дұрыс жазу бойынша бағалауды жоғарылататыны анықталған. Сонымен қатар, “таңғы ас клубтары” негізінен оқушылардың көңіл-күйін реттеп, сабаққа деген қызығушылығын оятып, тәртібіне оң әсер етеді. Әсіресе, балалардың таңғы асқа бірге баруы да үлкен рөл ойнайды.

Осыған сәйкес ғалымдар Британия үкіметін түскі асты емес, таңғы асты тегін қылуға шақырған.

Оқи отырыңыз:

Бойжеткен селфиге түсуге құмарлығының арқасында өз өмірін құтқарып қалды

Неміс қызы үш жыл бойы тырнағын алмай, оны 14,8 см-ге жеткізген (фото)

Бойжеткеннің смартфонға деген құмарлығының кесірінен омыртқасына зақым келген

4 күн бойы із-түссіз жоғалып табылған бүлдіршін мән-жайды өзі айтып берді (видео)

Талқылау