Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құжат рәсімдеп, жұмысқа кіргізбек болған": Ақтөбелік блогер жерлестерін алдағаны үшін сотталды

pixabay түрмеФото: pixabay.com

Ақтөбеде блогер жерлестерін алдап, құжат рәсімдеуді, жүргізуші куәлігін қалпына келтіруді және жұмысқа орналастыруды уәде етіп, олардан 257 мыңнан бір миллион теңгеге дейін ақша алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұғалжар ауданында өзін блогер әрі қоғам қайраткері ретінде таныстырған ер адамға жергілікті тұрғындардан шағым түскеннен кейін "Алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оның бірнеше адамды алдағаны анықталды.

Бір жағдайда ол дүкен иесіне түнгі сағат 23:00-ден кейін де алкоголь сату мәселесін шешіп беремін деп уәде беріп, бір миллион теңге алған. Бірақ уәдесін орындамаған. Ал көлік жуатын орын иесіне 257 мың теңгеге жүргізуші куәлігін қалпына келтіремін деп сендірген.

Тағы бір азаматты 450 мың теңгеге балабақшаға жұмысқа орналастырамын деп алдаған. Сондай-ақ тендер арқылы саябақ пен скверді күтіп-ұстау құқығын жеңіп алған кәсіпкерден конкурс құжаттарының талапқа сай еместігі мәселесін шешіп беремін деп тағы бір миллион теңге алған. Алаяқтың көмектесе алмайтынын түсінген жәбірленушілер полицияға шағым түсірген.

Іс Мұғалжар аудандық сотында қаралды. Айыпталушы кінәсін толық мойындап, үкім шығарылғанға дейін барлық ақшаны жәбірленушілерге қайтарып берген. Сот шешімі бойынша ол алаяқтық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Жазасын еркіндікте, бірақ белгілі бір шектеулермен өтейді.


"Қолма-қол ақшамды алды, бірақ аударым жасамады": Қазақстандық ару шетелдіктердің алаяқтық әрекеті жайлы ескерту жасады


"Атын айтпауды өтінді": Алаяқтар алдап, баспанасынан айрылған алматылық профессорға белгісіз біреу 23 миллион теңге берген


Еске салайық, бұған дейін Атырауда блогер Рано Нығметова алаяқтық жасады деген айыппен 6 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылған еді. Тергеу оны гүл дүкенін алдап, сондай-ақ жәбірленушіден ақша алған деп айыптады. Алайда сотталушы өз кінәсін мойындамай, істің қолдан жасалғанын алға тартты.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 18 Тамыз, 2025 09:45
Талқылау