Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қытайлықтар жерді басып алды” деп жала жапқан Астана тұрғыны сотталды

Бүгін Астана қаласы №2 Сарыарқа соты азамат Биядиловаға жала жапқан Айдын Егеубаевқа қатысты үкім шығарды. Ол ҚР ҚК 130-бап 3-бөлімге сәйкес, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы BNews.kz басылымы хабарлайды.

“2016 жылдың 13 шілдесінде “Newtimеs.kz” басылымы “Нұр Отан” белсендісі” туралы мақала жариялап, қытайлықтардың қазақтардың жерін басып үлгергендері туралы жазған болатын. 2016 жылдың 30 шілдесінде Егеубаев Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті басшысының орынбасарына, 2016 жылдың 21 қазан күні ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрінің атына арыз жазып, азамат Биядиловаға жала жауып, “Бәтуә” ЖШС қызметкерінің беделіне нұқсан келтірген болатын. Бұдан өзге, Егеубаев үндеуін Youtube желісінде жариялаған”, – делінген астаналық сот баспасөз хабарламасында.

Үкім әлі заңды күшіне енбеді. Естеріңізге сала кетсек, Егеубаев Newtimes.kz басылымы арқылы 2010 жылы Қазақстан Қытайға 87 000 гектар жерді пайдалануға берді деген жалған ақпарат таратқан болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Талдықорғандық дуагер әкімдік қызметкерлерін өзара ұрыстыра жаздады

Қырғызстандық балалар Атамбаев пен Назарбаевтан татуласуларын өтінді

ОҚО-да жезөкше болуға көнбеген қыздарын ата-анасы үйден қуып жіберген (видео)

Қазақстанда жаңа жол белгілері пайда болды

Талқылау