Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық жанкүйерлер Димашқа қазақ тілінде романтикалық хаттар жаза бастады

Қытайлық жанкүйерлер Димаш Құдайбергеновтің басқан ізін аңдып жүр. Олар Димаш отыратын авиарейске билет сатып алып, оған қазақ тілінде хат жолдауда. Бұл туралы ҚазАқпараттың Қытайдағы тілшісіне Димаштың ресми өкілі әрі жақын досы Алпамыс Шәрімов айтып берген.

Dimash-01-040217

«Біз Чанша қаласындағы арнайы күзет қызметі қойылған ғимаратта тұрып жатырмыз. Оның алдын үнемі Димаштың қытайлық жанкүйерлері торуылдап жүреді. Көбінесе Димаш көлікті тоқтатып, сағаттап күткен жанкүйерлерін құрметтеп, оларға қолтаңба беріп, суретке түседі. Өзкезегінде олар Димашқа одан сайын тәнті болып кетеді», – дейді ол.

Шәрімовтің сөзінше, олар Димаш екеуі Чанша қаласының сыртындағы Чанша қаласында қонақ үйді қайта-қайта ауыстыруға мәжбүр. Себебі жанкүйерлер көбейіп кеткендіктен, ол қонақ үй әкімшілігі мен қызметкерлеріне қолайсыздық туғызады.

«Қытайлық жанкүйерлер Димаштың Қытай ішінде ұшатын күні мен уақытын біліп алып, Димаш отыратын авиарейске билет сатып алады. Осының бәрін олар тек Димашпен бір ұшақта отырып, оған сый-сыяпат көрсету үшін жасайды. Біз үшін бұл таңғаларлық жағдай. Әуежайларда Димаш көзілдірік пен капюшон киіп алады. Соған қарамастан жанкүйерлер «әскері» оны танып жатады. Әуежай, вокзал қызметкерлері де Димашты танитын болыпты», – деп түсіндірді Шәрімов.

Бұдан бөлек, Алпамыс күн сайын Димашқа түрлі сыйлықтар, тәттілер мен естелік жәдігерлер сыйланатынын жеткізді.

«Оларды көріп үлгермейміз. Димашқа қытай, ағылшын, тіпті, қазақ тілдерінде хаттар келіп жатыр», – деген Шәрімов Димашқа келіп түскен екі хатты көрсетті.

«Димаш, ғажап ән сыйлағаныңа рахмет. Бағдарлама барысында саған түсетін қысым, әрине, үлкен. Сол себепті өзіңе қарап жүруің керек. Не істесең де,біз әрдайым сенің жаныңнан таламыз, қолдау көрсетеміз. Ең бастысы, табиғи қалпыңнан тайма, әрқашан біз үшін үздік боласың», – деп жазды Димаштың жанкүйерлерінің бірі ағылшын тілінде.

Өзін LYW деп таныстырған қыз Димашқа ғашық екенін айтып, қазақ тілінде  «Мен сені сүйемін», – деп жазып жіберген.

Димаш письмо-040217

Алпамыс Шәрімов шарт бойынша, жоба аяқталғанға дейін Димаш Құдайбергенов ешкімге сұхбат бермейді.

Еске сала кетейік, бүгін Астана уақыты бойынша сағат 20.05-те Хунан-Тв арнасынан  «I am a singer» жобасының үшінші кезеңі көрсетіледі. Димаш бұл жолы  Queen тобының «Show must go on» әнін орындап, үшінші орын алған.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайда Димаштың суреттері бейнеленген заттар сатыла бастады (фото)

Лаки Кесоглу: Витастың мүмкіншілігі Димаштікінің жанында түк емес

Жанкүйерлері Инстаграмды Димаштың қолдан салынған суреттерімен толтырды (фото)

Димаштың болашағынан үміт күткен әншілер кімдер? (видео)

Талқылау