Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда аюдың қорасын тазалаған зообаққа келушілер 45 мың теңгедей ақша ала алады

Қытайдағы Хубэй провинциясында теңіз жануарлары бар зообақ ақ аюдың орнын тазалаған еріктілерге ақша төлейді.

7865f277-a134-16b7-a37d-a2c105196a7a

Бұл қызмет аптасына бір рет жүргізіледі. Ол үшін алдын ала тіркелу керек. Және тазалаушы адамдар медициналық тексеруден өтіп, аңдарға қатысты дәріс тыңдайды. Кірер алдында зарарсыздандырылған киім киіп, үш сағатқа ақ аюдың бөлмесіне кіреді. Олар аюдың орнын тазалап, тамағын дайындап, тамақтандыруы керек. Бұл қызмет үшін 998 юань (45 мың теңгедей) ақы алады.

Бұл қызметті ең бірінші болып атқарған жергілікті тұрғын мұндай ақшаны аюдың дәретін иіскегені үшін алғанын айтып әзілдеді. Ол сондай-ақ жыртқышты жақыннан көріп, онымен селфи жасағанына қуанышты.

«Мен аюмен түскен суретімді желіге жариялап, сол мезетте 60 лайк жинадым», – дейді жас жігіт.

Тағы да оқыңыз:

50 Cent өзіне қол созған әйелді жұдырықпен қойып қалды (видео)

Петербург емханасында тіс ауруына ескерткіш қойылды

Австралияда сенатор халал пасхалық жұмыртқаларды тұтынбауға шақырды

STAN.KZ
Сәрсенбі, 12 Сәуір, 2017 13:12
Талқылау