Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралияда сенатор халал пасхалық жұмыртқаларды тұтынбауға шақырды

Австралиялық сенатор Полин Хэнсон халал өнім ретінде сертификатталған пасхалық шоколодтарға бойкот жариялауға шақырды.

6556

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Саясаткердің айтуынша, британиялық Cadbury компаниясы өз өнімдерін ислам талаптарына сәйкестендірген. Хэнсон оның орнына швейцариялық Lindt және австралиялық Darrell Lea-ның шоколадтарына назар аударуға шақырады. Бұл брендтер өз пасхалық тауарларын мұсылмандар үшін жарамды етіп теңдестірмеген.

“Біз өте кең аумаққа таралатын шоколадтарды өндіретініміз үшін мақтанамыз және халал сертификаты бұл ретте көмектесіп жатыр”, – деді Cadbury компаниясының австралиялық бөлімшесі Хэнсонның сынына орай.

Daily Mail басылымының жазуынша, ондай сертификаттың болмауы мұсылмандарға сай келмейді деген сөз емес. Бірақ, куәлік құжаттың болуы үшінші тараптың тауарды ислам талаптары тұрғысынан тексергенін айғақтайды.

Құранда мұсылмандар үшін жеуге тыйым салынған тамақтар тізімі бар: Өлексені, қанды, шошқаны тұтынуға және алкоголь араласқан сусындарды ішуге болмайды.

Талқылау