Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда 31 саусақпен туылған баланың анасының да артық саусақтары бар (фото)

Қытай отбасында 31 саусақты нәресте дүниеге келген еді. 3 айлық Хонхон есімді сәбидің 15 саусағы мен 16 бармағы бар. Ата-анасы баланың саусағын ота арқылы қалпына келтіруге ниетті. Алайда, жергілікті дәрігерлер бұл отаның күрделі екенін айтады.

48

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

58

Хонхонның анасының да қолы мен аяғында артық саусағы бар. Сондықтан ол жүкті кезінде баласы да артық саусақпен туыла ма деген қауіппен ауруханаға бінеше рет тексеріліп көрген.

120

Анасы жүктіліктің 4 айлығында УЗИ-ге түскен. Алайда, ол кезде дәрігерлер баланың дені сау екенін айтқан.

214

Полидактилия – балалардың қолында не аяғында артық саусақпен туылатын дерт. Бұл ауру мың адамның бірінде кездеседі.

310

Хунан провинциясының ортопедиялық педиатрлы халық ауруханасының профессоры Лю Хон отаның күрделі болатынын, оның үстіне сәбидің әлі сүйегі қатпағандықтан отаны 6 ай мен 1 жас аралығында ота жасауға кеңес берген.

Өкінішке қарай, бұл отбасының мұндай ота жасауға қаражаты жоқ. Дегенмен қазірден бастап олар ақша жинауға кіріскен.

Талқылау