Қытайда 26 жастағы қазақстандық футбол ойынынан кейін қайтыс болды
Қытайдың Гуанчжоу қаласында 26 жастағы қазақстандық қайтыс болды. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады.
СІМ хабарлауынша, жігіт 4 сәуірде қайтыс болған. Болжам бойынша, оның жүргеі тоқтап қалған.
Достарының айтуынша, жігіт футбол ойнап, үйге келгенде есінен танып қалған. Ол жалдаған пәтердің иесі жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер 10 минут ішенде келгенше, жігіт жан тапсырып үлгерген.
“Қазіргі уақытта біздің дипломаттар қайтыс болған азаматтың туыстарымен және Гуанчжоу қаласы құқық қорғау органдарымен хабарласып жатыр. Жақын күндері консул мәйітті Қазақстанға жеткізу үшін Гуанчжоуға баратын болады”, – деп жазған ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тағы оқыңыз:
Макгрегор қазақстандық егізімен бірге АҚШ-та автобусқа шабуылдады (видео)
Британдық боксшының промоутері: Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі күзге жоспарланды
Түркістанда өткен халықаралық бокс турнирінде Бекзат Саттархановтың інісі жеңіске жетті
“Канело” допинг қолданғандықтан Головкин ауыр шығынға батты