Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық боксшының промоутері: Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі күзге жоспарланды

САА vRINGe.com әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой бокс шебері Геннадий Головкин британиядық Билли Джо Сондерстің қалауын орындап, онымен кездесуі мүмкін екенін айтты.

Головкин-Сондерс

Бұл туралы SPORTINFORM хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен британиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) мамыр-маусым айларында кездесу өткізуге келісе алмағанымен, бұл мәміле өзектілігін жойған жоқ. Сондерстің промоутері Фрэнк Уорреннің айтуынша, жекпе-жекті күзде ұйымдастыру үшін келіссөздер жүріп жатыр.

«Қазақстандық боксшы Головкиннің промоутері Том Леффлермен сөйлестім. Головкин-Сондерс жекпе-жегін күзде өткізуді жоспарлаудамыз. Билли Джо қолынан жарақат алған еді. Ал GGG командасы жекпе-жекті 2018 жылдың 5 мамырында өткізуді жоспарлаған. Бұл жекпе-жекті маусымда өткізу де мүмкін болмай тұр», – дейді ол BoxingScene басылымына берген сұхбатында.

«Сонымен қатар, Билл 23 маусымда Мартин Марреймен кездесіп, титулын қорғайтын болады. Сондерс жеңген жағдайда, күзде Головкинмен кездесуде титулдарды біріктіру мүмкіндігі туады. Ол ауқымды кездесу болатын еді, біз бұл жекпе-жекті Британияда қуана өткізер едік», – дейді Фрэнк.

Оқи отырыңыз:

Түркістанда өткен халықаралық бокс турнирінде Бекзат Саттархановтың інісі жеңіске жетті

“Канело” допинг қолданғандықтан Головкин ауыр шығынға батты

Головкиннің мамырда өтетін жекпе-жектегі басты қарсыласы анықталды

9 жылға сотталған «Жетісу» құрамасының бұрынғы футболшысы өзіне берілген мерзімді өтейтін болды

Талқылау