Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құс тұмауынан өлген тауықтар үшін өтемақыны қалай алуға болады

Елімізде құс тұмауынан қырылған 329691 бас тауық үшін өтемақы төленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

құс

Бұл туралы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов мәлімдеді. ҚР президенті жанындағы ОКҚ брифингінде айтқан сөзінде:

"Орташа нарықтық құнын өтеуді комиссия жүзеге асырады. Арнайы
штабтар құрылды. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ-сі құс
иелерінің сараптама, жою актісі, құс тұмауынан болған өлім-жітімді
растайтын құжаттары және арнайы шотты ашқан кезде ғана қаржыны аударады. Комиссия өтемақыны ҚР статистика комитетінің құстардың түрлері бойынша деректері негізінде анықтайды", -
деді спикер.


Өтемақы алу үшін не істеу керек:

- жеке шотыңызды ашыңыз;
- әкімдіктен осы мал басының есепте болуы туралы шаруашылық - кітабы бойынша үзінді көшірме алу;
- ветеринариялық қызметтен өлім және кәдеге жарату актісі болуы керек.

Талқылау