Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құс тұмауы кезінде тауық етін сатып алу қауіпті ме?

Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов құс тұмауы кезінде тауық өнімдерін тұтынудың қаншалықты қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қабдолдановтың сөзінше, құс өнімдерін сатып алу кезінде оның арнайы рұқсат қағазын сұрау керек. Толық тексерістен өткізілген өнім ғана қауіпсіз болмақ.

"Тауық өнімдері базарларға ветеринарлық құжаттармен және ілеспе қағаздармен келеді. Ілеспе қағаз берген кезде ол өнімдердің бәрі тексеруден өтеді. Өнімді тексеретін лабораторияның сараптамасы шыққаннан кейін оған ветеринарлық анықтама беріледі. Өнім базарға жеткізілген кезде сол жақта ветеринар инспекторлар тағы тексеріс жүргізеді", - дейді Қабдолданов.

Сонымен қатар, сатылымдағы өнімдері ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан толығымен тексерілетіні белгілі болды.

"Базардағы әр өнім сатылатын орынның бәрі күнделікті бақылауда. Өнімнің режимі, температурасы, ол өнімдердің базарда сақталуы, олардың сатылу тәртібі барлығы күнделікті таңғы уақыттан кешке дейін бақылауда. Базардағы тауық өнімдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп толық айта аламыз", - деді АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы.

Талқылау