Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Техникалар мен гаджеттерге әуес жандарға арналған жаңа жылдық керемет 5 сыйлық

Аяз ата әдетте балаларға келеді. Ал ересектер өздері-ақ өзгелер үшін сиқыршы болып, жаңа жыл күні жақын адамдарының қалауын орындай алады. Дегенмен кейде өзіңе қымбат адамға не ұнайтынын болжау қиынға соғып жатады. Алайда бақытымызға орай бәріне сөзсіз ұнайтын сыйлықтар тізімі бар. Мысалы, Apple брендінің жабдықтары. Қазір оларды өте тиімді бағаға сатып алуға болады. Олай болса, техникалар мен гаджеттерді таңдауға көмектесетін кеңестерімізбен бөлісейік. 

Егер сүйікті адамыңыз…

...фотосуреттер мен видеолар түсіргенді ұнатса, шырша астына iPhone 15 Pro смартфонын сыйлық ретінде қойсаңыз болады. Құрылғы сапалы 24 мегапиксельді камерасымен, түнгі портрет режимі және 3 есе ұлғайтқышы бар супер қуатымен ерекшеленеді. Құрылғы жылдың ең керемет отбасылық мерекесіндегі әдемі сәттерді естелікке түсіруге, кейін бұл видеоларды сапалы өңдеуге мүмкіндік береді. Мереке кезінде iPhone 15 Pro-ны 50 000 теңгеге дейінгі жеңілдікпен 24 айға бөліп төлеуге болады. Ал ай сайынғы төлем небәрі 27 083 теңгеден басталады.

...үнемі өзімен бірге ноутбукты жиі алып жүретін және жұмыс кезінде әріптестерімен үнемі байланыста болатын болса сыйлық ретінде таңдауыңыз MacBook Air-ге түскені дұрыс. Бұл ноутбуктың салмағы небәрі 1,24 кг. Ол кез келген сөмкеге сияды әрі иығыңызға салмақ түсірмейді. Сонымен қатар, қуаттағышын үнемі өзіңізбен бірге алып жүрудің де қажеті жоқ. MacBook Air-дың қуаты тәулік бойына жетеді. Оны 20 000 теңгеге дейін жеңілдікпен ала аласыз. Бөліп төлесеңіз айына небәрі – 20 833 теңге. 

… сурет салғанды, кітап оқығанды, ойын ойнап, видео көргенді ұнатса ол үшін ең жақсы сыйлық iPad 9 Gen болмақ. Құрылғының мәтінді оқуды жеңілдететін және фильмдерді, телешоуларды өзге де видеоларды сапалы көрсететін үлкен, әрі ыңғайлы дисплейі бар. Ал Apple Pencil көмегімен құрылғы экраны шығармашылық алаңына айналады. 

12 МП ультра кең бұрышты алдыңғы камерасы видеоқоңыраулар кезінде сапасының керемет екенін аңғартады. Мәселен, жаңа жыл қарсаңында туыстар мен достарға қоңырау шалып, мерекелік дастарханға жиналғандарды көрсетіп бір қуанып қаласыз. iPad-ты 30 000 теңгеге дейінгі жеңілдікпен айына 7500 теңгеден бөліп төлеп ала аласыз. 

...уақытты үнемдеп, денсаулығына аса мән беріп, спортты жақсы көретін болса білегінде міндетті түрде Apple Watch Series 9 болуы керек.

Жаңартылған чип бұл құрылғыны жылдамырақ әрі ақылды ете түсті. Екі рет түрту арқылы қимылмен-ақ сиқыр жасай аласыз. Сонымен қатар енді Siri иесіне жасалған қадам саны мен жүрек соғу жиілігі сияқты ақпаратты беру үшін интернетті қажет етпейді. 

Құрылғы сондай-ақ иесіне спорттан тым ұзақ үзіліс жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл әсіресе жаңа жылдық демалыс күндерінде мерекеден кейін қозғалыссыз жатқыңыз келген кезде өте маңызды. Apple Watch Series 9-ды 15 000 теңгеге дейін жеңілдікпен айына 10 416 теңгеден бастап бөліп төлеп алуға болады. 

...музыканы жоғары сапада тыңдағанды ​​ұнатса, онда бұл жанды сымсыз AirPods 3rd Gen құрылғысы қуантатыны сөзссіз. Оның көмегімен еркін қозғалуға және бір уақытта бірнеше шаруаларды тындыруға болады. Мысалы, көңілді әуенмен шыршаны безендіріп немесе салаттар дайындай алады. Сыйлығыңызбен қоса жаңа жылдық әндердің тізімін жасап мерекелік әсерге бөлеңіз. Құрылғыны 15 000 теңгеге дейінгі жеңілдікпен сатып алуға кеңес береміз. Айына небәрі 4 166 теңгеден бөліп төлеуіңізге болады.

Мұндай мерекелік сыйлықтарды оңай әрі тиімді бағада Қазақстандағы Apple брендінің ресми дүкендері: iSpace, Sulpak, Mechta, Technodom, activ, Freedom Mobile, EvrikaBeeline және DNS-тен алуыңызға болады.

Жаңа жыл құтты болсын!

Жарнама құқығында

Талқылау