Қырғыз азаматы 777 көлік нөмірін 1 миллион 716 мың сомға сатып алды
Қырғызстанда автокөлік нөмірлерін аукционда сату арқылы бюджетке ақша түсіру жүріп жатыр.
Республиканың мемлекеттік тіркеу қызметі 28 қыркүйекте ерекше нөмірді сату бойынша ашық аукцион өткізді, деп жазады Замана газеті.
Онда 01 аумағы бойынша (Бішкек қаласы) жеңіл көліктің «777 ААА» нөмірі саудаға қойылды. Оның бастапқы құны 60 мың сом болып белгіленді. Нөмірді сатып алуға 9 талапкер қатысқан еді, ақырында 1 миллион 716 мың сом ақша ұсынған талапкер жеңіске жетті.
30 қыркүйекте нөмірдің иесі тиесілі ақшасын төлеп, қаңылтырды үйіне алып кетті.
Мемлекеттік тіркеу қызметінің мәліметіне қарағанда, бұл қаржының 91 пайызы, яғни 1 миллион 561 мың 560 сомы республикалық бюджет қазынасына құйылады, қалған тоғыз пайызы мекемеге қарасты көлік нөмірлерін әзірлейтін «Инфоком» мемлекеттік кәсіпорнына беріледі. Бірақ мекеменің жетекшісі Тайырбек Сарпашев қымбат нөмір иесінің аты-жөнін ашық айтқан жоқ.
Бюджетке түскен ақша 322 зейнеткерге бір айлық зейнетақы және 111 мұғалімге бір айлық жалақысын төлеуге жетеді екен.
«Ел құлағы – елу» демекші, бұл нөмірді Бішкек және Тоқмақ қалаларының ортасындағы көлдің үстіне «Гаваи» дәмханасын салған ағайынды кәсіпкерлердің бірі Жұрат Абдуллаев сатып алды деп айтылуда.
Интернеттік онлайн тәртібінде өткен сауда-саттықты 20 мың адам тікелей көріп отырған.
Бұған дейінгі аукциондардың бірінде ең қымбат бағаға – 594 мың сомға «001 ААА» нөмірі сатылған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Ғаламторда тағы бір жұмбақ-есеп желі қолданушылардың басын қатырды (фото)
Мәскеуде жас жұбайлар мейрамханада той жасап, ақысын төлемей қашып кеткен
Бет пішініңізге сай көзілдірікті қалай таңдау керек (фото)
Депутат: Түнде мешіттен айтылған азан дауысы адамдардың ұйқысына кедергі келтіреді (видео)