Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат: Түнде мешіттен айтылған азан дауысы адамдардың ұйқысына кедергі келтіреді (видео)

Қырғыз парламентінің депутаты Болотбек Ибрайымжанов мешіттегі азан дауысына қатысты мәлімдеме жасады.

61221w660h490croplr

Бұл туралы kabarlar.org хабарлайды.

“Біздің сайлаушылардан төменгідей наразылықтар түсті. Адамдар жұма күні көп сұранып кетеді де, жұма намаздан соң жұмыс орынына қайтып келмейді екен. Бұл ретте тұрғындардың көп мәселелері шешілмей қалып жатады. Имандылыққа қарсы емеспіз, бірақ мемлекеттік органдардағы тәртіпті қолға алсаңыздар”, – дейді депутат.

Бұдан соң депутат мәселені мешіттерге де бұрды.

“Мешіттерде түн уақытында микрофонмен азан айтылады. Өзі санитарлық норма бойынша түнгі сағат 11-ден ертеңгі 7-ге дейін тыйым салынады екен олай айтуға. Мешіттегі азан дауысының тым қатты шығатыны соншалық, бұған адамдар реніш білдіруде. Негізі 40 децибел болу керек, ал олардыкі 140 ба, 240 ба децибел болатын шығар. Әрине, мұндай кезде балалар ұйықтай алмай, адамдарға кедергі келеді”, – депутат сайлаушылардың өтінішін жеткізе отырып.

Оқи отырыңыз:

Канада ғалымдары адамзаттың жойылып кететін уақытын атады

37 миллион доллар пара алған қытайлық шенеунік өлім жазасына кесілді

Дауылдан қорыққан америкалық отбасы көліктерін қонақ бөлмеге кіргізіп қойды (фото)

Қырғыздың айыр қалпағы Гиннестің рекордтар кітабына енді (видео)

 

 

Талқылау