Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құрғақ уәдемен тойдыруда": Оралда шағын аудан тұрғындары шу көтерді

Оралда Сарыарқа шағын ауданының тұрғындары наразылық акциясына шықты. Акцияны өткізуге билік тарапынан жол жасау туралы уәделер себеп болды. Әкімдер шағын аудан тұрғындарын "құрғақ уәдемен" тойдыруда. Екі жыл бұрын іс "тұралаған жерінен" қозғалып, бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінген. Бірақ биыл, тұрғындардың айтуынша, ақша жоғалып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Орал апталығы" басылымына сілтеме жасап.

Сарыарқа шағын ауданы тұрғындарының шыдамы шегіне жетті. Жиналған 50-ге жуық шағын аудан тұрғындары биліктің уәделеріне тойған. Сарыарқа - Оралдағы ең үлкен шағын аудан. Мұнда 10 мыңға жуық адам тұрады. Тұрғындар 5 жылдан астам уақыт бойы биліктен көшелерді асфальттауды сұрап келеді. Тұрғындардың айтуынша, Алтай Көлгінов алғаш рет есеп беру кездесуі кезінде жол жасауға уәде берген. Содан кейін ол шағын аудан тұрғындарына ақша бар және жол жасалады деп сендірді. Бірақ бүгінгі күнге дейін жол төселген жоқ.

Көлгіновтен кейін өткен жылдың ақпан айында есеп беру кездесуінде қаланың қазіргі әкімі Абат Шыныбеков те уәде берді. Сол кезде ол тұрғындарды Сарыарқа шағын ауданында құны 3,7 млрд теңге болатын 53 көшені асфальттауға дайын жоба бар екеніне сендірді. Тек тендер өткізу қалған. 2020 жылдың тамызында тендер өтіп, мердігер ұйым анықталды.

Тұрғындардың айтуынша, мердігер қыс басталғанша шамамен бір шақырым жол төсеп үлгерген. Қалған жұмыстар келесі жылға қалды. Билік тұрғындарға жаз басталысымен жол жұмыстары жалғасады деп тағы уәде берген. Бірақ жұмыс әлі басталмаған. Тұрғындар әкімдікке бірнеше рет жүгінгеннен кейін жолдарды асфальттауға ақша жоқ екені белгілі болды. Бұл туралы қала әкімі бір апта бұрын Сарыарқа шағын ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті.

Бос уәделерден шаршаған шағын аудан тұрғындары билік уәде еткен жолға жеткенше шегінбейтіндерін айтты. Олар әр апта сайын наразылық акциясына қатысуға ниетті. Егер билік оларға назар аудармаса, олар Деркөл-Зашаған айналма жолын жабады. Сарыарқа шағын ауданының тұрғындары өз шағын ауданындағы көшелерді асфальттауға қол жеткізу үшін бәріне дайын.

Гүлдана Қазтай
Дүйсенбі, 24 Мамыр, 2021 06:57
Талқылау