Құпияны сақтамады: Ақмола облысында әйел көршісінің баласына асыранды екенін айта салған

Ақмола облысының тұрғынына қатысты бала асырап алу құпиясын жария еткені үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отбасы бірнеше жыл бұрын ресми түрде бала асырап алып, құпияны сақтау үшін тұрғылықты жерін өзгерткен. Алайда ондағы жергілікті тұрғын құпияны балаға айтып берген. Осыған байланысты баланың ата-анасы полицияға тиісті өтінішпен жүгінді.

Тексеру барысында полицейлер бала асырап алу туралы мәліметтерді жария етуге қатысы бар деген күдікті әйелді анықтады, ол 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. 

18 сәуірде әйел жәбірленушімен жанжалдан кейін бұл ақпаратты асырап алған балаға айтқан. 

Күдікті кінәсін мойындады.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 138-бабы "Бала асырап алу құпиясын жария ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды", - деді Ақмола облысы полиция департаменті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр