Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құпия түрде": Алматыда жарылғыш зат пен қару тәркіленді

Алматыда жарылғыш зат пен қару тәркіленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Суық қаруларын өздерімен бірге алып жүріп, заңсыз сақтаған 4 азамат ұсталды. Заң бұзушылар полиция қызметкерлерінің тексеруі барысында анықталып, олардың өзге өңірлерден келгені белгілі болды. 

Мегаполисте көлік бөлшектерін саудалаумен айналысқан 32-35 жас аралығындағы азаматтар «РГД-5» гранатасы, 4 патроны бар тапанша және пышақты еркін алып жүрген. Сонымен қатар, тергеу барысында олардың осыған дейін де істі болғаны анықталған. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтып берді.

"Полиция қызметкерлері шұғыл мәлімет ала салысымен оларды тексеруге кірісті. Құпия түрде. Олардың қылмыстық әрекеттері дәлелденгеннен кейін міндетті түрде ұстауға бел будық. Қылмыстық кодекстің 287-ші бабының 3-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда барлық сезіктілер қамауға алынды", - дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Талқылау