Құлсарыда тасқынмен күрес кезінде өрт сөндіру бөлімінің командирі қаза тапты
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау сержанты жұмыс кезінде көз жұмған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Атырау облыстық ТЖД
29 мамырда Құлсарыда су сору бойынша жедел құтқару жұмысы кезінде 23 жастағы Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлы қаза тапты. Өлімнің мән-жайы анықталып жатыр.
"Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз саласының маманы ретінде жүрегімізде мәңгі сақталады. Марқұм өрт сөндірушінің отбасына қолдау мен қажет көмек беріледі", – деп хабарлады ведомство.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды