Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Артында төрт баласы қалды: Алматы облысында тілсіз жау кезінде өрт сөндіруші қаза тапты

Алматы облысы Қарасай ауданында үйдегі өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы төтенше жағдайлар департаменті 25 желтоқсан күні сағат 16:56-да өрт шыққанын айтады. Қарасай ауданындағы Көкөзек ауылына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі барды.

Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қаза тапты.

"Болған оқиғаның мән-жайы нақтылануда. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Ол азаматтық қорғау органдарында 8 жылдан астам қызмет етті. Үйленген, төрт баласы бар. ТЖМ Әділет Аянұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол сауатты тұлға, өз ісінің маманы ретінде жүрегімізде мәңгі қалады", – деп хабарлады ведомстводан.

Талқылау