Атырау облысында 13 жасар қыз асылып өлді
28 қараша күні Құлсары қаласында 13 жасар қыз өзіне қол салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Жеткіншек өзі тұрған үйдің көлікжайында асылып қалыпты.
"Оқиға кешкісін орын алған, қыздың денесін анасы тауып алыпты. Суицидтің себебі әлі белгісіз. Мектепте қыз оғаш қылығымен, күйзеліске шалдығуымен көзге түспеген. Қыз толық отбасыдан шыққан. Бұған қоса қыз өлер алдында хат жазып қалдырмапты, ал ұялы телефонындағы соңғы жазбалардың барлығын өшірріп тастаған", - деді Жылыой аудандық бөлім басқармасының басшысы Айбарша Қақпанбаева.
Қазіргі таңда оқиғаның анық-қанығын полиция қызметкерлері анықтауда.
Бұған дейін 2017-2018 жылдары Жылыой ауданында 5 оқушы өзіне қол жұмсаған, тағы екі жасөспірімді құтқарылған.
Талқылау