Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құбырлары шіріп жатыр": Алматы облысында тұрғызылғанына жарты ғасырдан астам уақыт болған жатақхана апатты жағдайда тұр

Алматы облысында екі қабатты тозығы жеткен жатақхананың іргетасы құлап, апатты жағдайда тұр. Жатақхана тұрғындары күндердің күнінде үйдің астында қаламыз ба деп қорқады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Бір кездері бұл ғимаратта жылу электр орталығының жұмысшылары тұрған, кейін жатақхана жекеменшікке өткізілді. Жатақхананы қазір пана етіп жүрген тұрғындар ғимаратты қолаңса иіс жайлап, қабырғаларын көк басқанын айтады. Олар ғимараттың әр бұзылған жерін жөндеп шарашаған.

“Нысан жөндеуге келмейді. Тұрғындар жиналамыз, қыста жылу батареялары жарылады. Ақша жинасақ, жер тесіледі. О жерді жасасақ, мына жақтары тесіледі. Астының бәрі шіріп жатыр, құбырлары да шіріп жатыр”, – дейді Өтеген батыр ауыл округінің тұрғыны Назгүл Құсайынова.

Құрылыспен бірге ондағы коммуналдық жүйесі тозған. 50-ге тарта бөлмесі бар жатақхананың ас үйі, дәретханасы, жуынатын жері де ортақ. 



“Бүкіл үйді ылғал жайлаған, адам тұрғысыз апатты жағдайда. Тұруға мүмкіндігіміз жоқ”, – дейді тұрғындарды бір Мейірбек Әбдірасылов.

Жатақхана тұрғындары жергілікті бар жағдайын айтып, шенеуніктерден көмек сұрайды. Алайда олар ғимараттың жекеменшікке тиесілі екенін алға тартып, көмек бере алмайтынын жеткізді. 

“Жатақхана әркімнің өз иелігінде, ортақ кондоминиум мүлік. Қасбетін жөндеуге қаражат бөлініп жатқан жоқ. Дегенмен ауданның тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі оны бір түске келтіру үшін тек бояу үшін ақша бөлуге құқылы. Аудандық мәслихатпен шешім қабылдап. Үйлердің түрі бір түс болуы үшін. Бірақ бүгінде ақша бөлінген жоқ”, – дейді Өтеген батыр ауыл округі әкімінің орынбасары Мақсат Орынбасаров

Талқылау